22
Ақпан

Асқар Қуандықұлы Цифрландыру басқармасының 2024 жылғы жұмысының қорытындыларын тыңдады

22 ақпан 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы

Алматы қаласының цифрландыру басқармасының есебі тыңдалды.

2025 жылы 21 ақпанда “Ақ жол” партиясының Алматы қалалық мәслихат депутаты Асқар Қуандықұлы Цифрландыру басқармасының 2024 жылғы жұмысының қорытындыларын тыңдады.

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру:

14,9 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 94%-ы электронды форматта өтті.

«Электрондық үкімет» порталы арқылы 156 қызмет түрі қолжетімді.

IT саласы мен стартаптарды дамыту:

7,5 мың адам акселерациялық бағдарламаларға қатысты.

2 049 жаңа жұмыс орны ашылды.

309 стартап қолдау алды, оның 16-сы халықаралық нарыққа шықты.

Киберспорт пен жастар жобалары:

Өткізілген іс-шараларға 12,5 мың жас қатысты (жоспар – 10 мың).

Киберспорттық іс-шаралардың онлайн көрілімдері 2 миллионнан астам қолданушыға жетті.

120 студент ойын индустриясы бойынша арнайы оқудан өтті.