«Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясының сайлауалды науқаны аясында партия төрағасы Дания Мадиқызының және Республикалық сайлауалды штаб мүшелерінің қатысуымен «Қаспиймұнайгаз» АҚ және «Атырау Жарық» АҚ еңбек ұжымдарымен кездесу өтті.
Кездесу барысында отандық өндірісті дамыту, энергетика саласын қолдау, еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын жақсарту және кәсіпорындардың тұрақты дамуы мәселелері талқыланды.
Дания Мадиқызы мен Республикалық штаб мүшелері еңбек ұжымдарының пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, жұмысшылардың еңбегін қолдаудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу соңында шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты. Әуезді әндер мен әсерлі өнер көрсетілімдері қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, басқосудың ерекше атмосферасын қалыптастырды.



