7 қазан 2025 жыл, Астана қалалық филиалы
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының Астана қалалық филиалы 2025
жылға арналған жыл сайынғы «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» байқауына үгіттеу
жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.
Осы шара аясында филиал қызметкерлері мен партияның қалалық кеңесінің
мүшесі Садырбаев Нұржан Есентайұлы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті мен Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу
университетіне барды.
Кездесу барысында партия өкілдері студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамын байқаудың шарттарымен, оның мақсаттарымен таныстырып, Қазақстанның заманауи дамуы жағдайында Алаш қозғалысы идеяларын зерделеу мен насихаттаудағы маңыздылығымен таныстырды.