13 қараша 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы
Бүгін «Қазақ Туризм» АҚ Ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен «Туризмдегі
көшбасшылық»тақырыбында семинар-тренинг өтіп жатыр.
Бұл маңызды іс-шараға Ұлытау облысы
бойынша ҚДП «Ақ жол»
филиалы төрағасының орынбасары, облысымыздың туризм саласына белсенді үлес
қосып жүрген Сағадат Мұхамбетов қатысуда.
Сағадат Мұхамбетов – Ұлытаудың туристік
әлеуетін дамытуға бар күшін салып жүрген жас әрі креативті маман. Оның жаңа
көзқарасы мен идеялары өңір туризмінің дамуына серпін беретіні сөзсіз.
Бүгінгі семинар тәжірибе мен білім
алмасуға, сонымен қатар ел өңірлері арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға
бағытталған. Бұл – туризм саласы үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы!