10
Маусым

Астанада ұлттық спорт түрлерінен «Бала-Толағай» турнирі ұйымдастырылды

10 маусым 2025 жыл Астана қалалық филиалы

«Ақ жол» ҚДП Астана қалалық филиалы 2025 жылғы 10 маусымда елордада өткен «Бала-Толағай» балалар спорттық турнирінің негізгі демеушілерінің және ұйымдастырушыларының бірі болды.

Іс-шараға 15 жасқа дейінгі ондаған жасөспірім қатысып, ұлттық спорт түрлерінен сайысты: асық ату, найза лақтыру, садақ ату, ләңгі тебу, қой көтеру және қаппен жүгіру. Турнир шынайы күш, ептілік пен отансүйгіштіктің мерекесіне айналды.

Партияласымыз Момышев Болат Амангельдіұлына іс-шараны ұйымдастыруға белсенді қолдау көрсеткені және тікелей қатысқаны үшін ерекше алғыс білдіреміз.

Сайыс қорытындысы бойынша «Ақ жол» ҚДП өкілдері жеңімпаздарға кубоктар, құрмет грамоталары және естелік сыйлықтар табыстап, әрбір қатысушының еңбегін атап өтті. Мұндай іс-шаралар ұлттық рухты нығайтудың маңызды бөлігі екені айтылды.

Ұлттық спорт түрлерін жас ұрпақ арасында насихаттау — тек мәдени мұрамызды сақтау ғана емес, сонымен қатар дені сау, мықты әрі патриот жастарды тәрбиелеуге жасалған маңызды қадам.