21
Сәуір

Қастер Сарқытқанұлының «Алаш рухы – халқымыздың саясаты-экономика һәм мәдениеті-рухани кеңістігінің көкжиегі кемел» тақырыбында дәрісі өтті

21 сәуір 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы

Алаш рухы – халқымыздың саясаты-экономикалық һәм мәдениеті-рухани кеністігінің көкжиегі заң кемел келешегі.

2025 жылдың 21 сәуірінде «Ақ жол» партиясы Алматы қалалық филиалының кеңсесінде профессор, география ғылымдарының кандидаты Қастер Сарқытқанұлының «Алаш рухы – халқымыздың саясаты-экономика һәм мәдениеті-рухани кеңістігінің көкжиегі кемел» тақырыбында дәрісі өтті.

Басқосуда профессор Алаш қайраткерлерінің қызметі туралы зерттеулері мен тарихи деректерімен, сондай-ақ Жапонияға жасаған сапарында студенттерге көрнекті алаш қайраткерлері туралы әңгімелеп берді.

Қастер Сарқытқанұлы Алаш идеологиясын ұстанушылар, атап айтқанда, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы мен оның жетекшісі Азат Перуашевты бөлек атап өтті және профессордың өзі айтқандай: «Алаш идеясы қазіргі Қазақстан үшін ең дұрыс идеология» деп санайды. Сондай-ақ, Қастер Сарқытқанұлы барша студенттерді «Ақ жол» Демократиялық партиясының жыл сайынғы «XXI Ғасырдың Алаштың Ақ жолы» республикалық байқауына қатысуға шақырды.

Онлайн-дәріс қонақтары «Ақ жол» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Мейраш Қалиқызы, Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Абзалбек Сағымбекұлы, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері және «Ақ жол» партиясы Жастар кеңесінің мүшелері болды.