17 қараша 2025 жыл, Маңғыстау облыстық филиал
2025 жылдың 17 қарашасында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді
тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық
топ мүшелері қала мектептерін аралап, мектеп асханаларының жұмысын
тексерді.
Топ құрамында “Ақ жол” демпартиясының Маңғыстау облыстық филиалы
төрағасының орынбасары Ғазиза Бақтиярқызы да бар.
Жұмыс тобы қаланың бірнеше жалпы білім беретін мектептердің асханаларындағы
санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды, пайдаланылатын ыдыстардың жай-күйін,
перспективалық мәзірге қойылатын талаптардың сақталуын, сондай-ақ, күн сайын
тағам залына ілінетін бекітілген ас мәзірін қарап шықты.
Мониторинг барысында мектеп асханаларындағы санитариялық талаптардың
сақталуы, буфет өнімдерінің сапасы мен бағалары да назардан тыс қалмады.
Нәтижесінде топ мүшелері тарапынан мектеп әкімшілігі мен асхананы жалға
алған кәсіпкерлерге тиісті ұсынымдар берілді.