Ақтөбе қаласындағы Құрылыс-технологиялық колледжінде Конституциялық реформаның негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – жаңа конституциялық
бастамалардың мазмұнын кеңінен таныстырып, студент жастар мен педагогикалық
ұжым арасында құқықтық түсінікті арттыру.

Түсіндіру жұмыстарын «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы атынан Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Раушан Жәлімбетова және партияның Ақтөбе облыстық филиалы аппарат жетекшісі Қайыржан Бозқұланов жүргізді.
Кездесу барысында спикерлер Конституциялық реформаның басты басымдықтарына тоқталып, оның елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы рөліне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіруге бағытталған қадамдарға жан-жақты түсінік берді. Сонымен қатар реформаның қоғам дамуына, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және демократиялық институттарды нығайтуға қосатын үлесі атап өтілді.

Жиынға колледж студенттері мен оқытушылары қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Кездесу еркін форматта өтіп, қатысушылар тарапынан белсенділік жоғары болды.
Мұндай
ақпараттық-түсіндіру шаралары алдағы уақытта да жалғасатын болады.