Қалалық
мәслихаттың 10-округінің депутаты Ержан Усенов Қостанай
облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Е. Ж.
Файзуллинге депутаттық сауал жолдады.
Сауалға округ тұрғындарынан «Ай-көмек» (109) қызметі арқылы түскен бірқатар өтініштері негіз болды. Тұрғындар өз өтініштерінде қауіпсіздік пен өмір сүру жайлылығына қатысты мәселелерді бірнеше рет көтергенімен, аталған түйткілдер әлі күнге дейін шешімін таппағанын атап өтуде.
«Әуежай – Қостанай-2» жаңа автожолы ашылғаннан кейін көлік қозғалысы айтарлықтай артқан. Жүргізушілер Автозаводская көшесі мен 1-Станциялық өткелді қысқа жол ретінде пайдаланып, белгіленген жылдамдықты жиі асырады. Бұл жағдай жаяу жүргіншілер мен жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін қауіп төндіруде.
Осыған байланысты депутаттық сауалда аталған көшелерде жылдамдықты 40 км/сағ дейін шектеу, жасанды кедергілер орнату және жабдықталған жаяу жүргінші өткелдерін салу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
Депутаттық сауалдың қаралу нәтижелері
туралы қосымша хабарланатын болады.
.jpeg)