9 қазан 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы
2025 жылдың 9 қазанында «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының мүшесі,
кәсіпкер, «Үркер-АШ» ЖШС директоры Азамат Қиялбаевтың қолдауымен Филиалдың аға
буын өкілдерін ұлықтау мерекесі өтті.
Мерекелік дастарханда жас буын өкілдері атынан аға буын өкілдерін:
Кон Нина Григорьевнаны,Агабабаева
Раиса Исааковнаны, Кадровая Мунаварияны,
Айса Жамиляны,Тимошенко Зинаида Николаевнаны, Галкина Галина Ивановнаны
халықаралық мерекемен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледім.
Айта кетерлігі, Нина Григорьевна Кон және Алматы қаласы Алмалы ауданы
бойынша Ардагерлер кеңесінің Әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің
мүшелері ҰОС ардагерлерін, қарттарды, зейнеткерлерді атаулы мерекелермен және
айтулы оқиғалармен құттықтауды ұмытпай, әлеуметтік қолдау көрсетумен белсенді
түрде айналысады.
Аға буын мәңгі жасасын, ақ жол сіздерге!
