16
Сәуір

Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысы өтті

16 сәуір 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл!

Бүгін осы мерейтой аясында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері мен жастар қатысты.

Жиын барысында ұлтаралық келісім мен қоғамдағы өзара түсіністікті нығайту бағытындағы жетістіктер мен алдағы жоспарлар талқыланды.

ҚДП “Ақ жол” БҚО филиалы төрағасының орынбасары Айгүл Туркина Мемлекет басшысының «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды!

Бұл – еліміздің бірлігі мен тұрақтылығы жолында сіңірген еңбектің лайықты бағалануы.

Татулық пен түсіністік – баянды болашақтың кепілі!