26
Желтоқсан

Азат Перуашев: «Ақ жол» демпартиясы Орталық офисінде «Алтын Орданың атасы - Жошы хан» халықаралық мүшайрасының қортынды кезеңін өткіздік

https://t.me/peruash/12476

Бүгін «Ақ жол» демпартиясы Орталық офисінде «Алтын Орданың атасы - Жошы хан» халықаралық мүшайрасының қортынды кезеңін өткіздік.

Шараға «Ақ жол» фракциясының депутаттары, елге белгілі ақындар қатысты. Сайыста қазылар алқасының жұмысын белігілі ақындар - Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғалым Жайлыбай мен Парламенті Мәжіліс депутаты, ҚР Енбек сіңірген қайраткері Қазыбек Иса басқарған. Мүшайраның Гран-при лауреаты болып - ақын Алмас Ахметбекұлы танылды.

Басқа жеңімпаздарының тізімімен сілтеме арқылы таныса аласыздар:

http://qazaquni.kz/ult/163480-altyn-ordanyn-atasy-zosy-xan-xalyqaralyq-zyr-musairasynyn-zenimpazdary-marapattaldy

Өз сөзімде шараның ашылуында былай дедім:

Бүгінгі іс-шарамыз тек әдеби немесе тарихи тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар саяси, идеологиялық және тіпті мемлекеттік маңызға ие. Себебі бұл шара — еліміз бен мемлеткеттілігіміздің терең тарихи тамырын айқын көрсететін нақты жауап. Әсіресе, кейбір көршілеріміздің Қазақстан тарихын жоққа шығарып, қазақтарда мемлекеттілігі болмаған деп, жерімізді, тәуелсіздігімізді біздерге басқа біреулер сыйлады деген теріс пікірлеріне қарсы нақты уәж бола алады.

Мысалы, бүгін ғана бір көршілес елдің журналисі Қазақстанға қатысты тағы да орынсыз пікір айтып, елдігімізге тиісті.

Мұндай жағдайларда ұлттық бірегейлігімізді нығайту және де егемендігіміздің шын қайнар көзін көрсету үшін осындай іс-шаралардың маңызы зор.

Соған сай, бір оқиғаны атап өткім келеді. 2017-2018 жылдары сол кездегі үкіметтің шешімімен университеттердегі тарих пәнін алып тастау және мектептерде Қазақстан тарихын тек 1991 жылдан бастау туралы тапсырма шыққан болатын. Бұл ұсынысқа Мәжілістегі "Ақ жол" фракциямыздың атынан, депутат Берік Дүйсембинов депутаттық сауал жолдап, шешімге қатаң қарсы шықты. Ол сауалда қазақ мемлекеттілігінің тарихы 1991 жылдан емес, көне Түркі қағанаттарынан, Алтын Орда, Қазақ хандығынан бастау алатынын, қазіргі Қазақстан Республикасы сол ежелгі мемлекеттердің заңды тарихи ізбасары екенін дәлелдеп шықты. Нәтижесінде әділетсіз шешімнің күші жойылды.

Сол себепті бүгінгі іс-шараның саяси, идеологиялық және мемлекеттік маңызы ерекше деп есептейміз. Бұл жерде Қазыбек Жарылқасынұлына да алғысымды білдіргім келеді. Осындай мүшәйрә ұйымдастырып, елімізге танымал ақындарды шақырып, шығармашылық бәйге өткізгені үшін шынайы ризашылығымызды айтамыз.

Барлық қатысушыларға да рахмет! Сіздердің шығармашылық еңбектеріңіз тек әдебиет үшін ғана емес, сонымен қатар халқымыздың кім екенін, не үшін бармыз, бұл дүниедегі орнымыз қандай екенін түсіну үшін үлкен үлес болмақ.