Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында
«Ақ жол» демократиялық партиясының Төрағасы Азат Перуашев облыстық филиал
төрағасы Ермек Әбілдиннің, облыстық мәслихат депутаты Ойрат Нұрқазовтың,
қалалық мәслихат депутаттары Айткен Ахметбеков пен Тимур Нұрғожиннің, сондай-ақ
партия белсенділерінің сүйемелдеуімен SFERA CLINIC медициналық орталығында
болды. Қонақтарды орталықтың басшысы Евгения Пронина мен дәрігер Максим Астрейка
қарсы алып, клиниканың негізгі қызмет бағыттары мен алдағы даму жоспарларымен
таныстырды. Сындарлы диалог барысында өңірдегі жекеменшік медицинаны дамыту
мәселелері, клиниканың перспективалық жоспарлары, сондай-ақ халыққа медициналық
қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру тетіктері жан-жақты талқыланды.
Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу, көрсетілетін қызмет
түрлерін кеңейту және мемлекеттік құрылымдармен тиімді өзара іс-қимылды жолға
қою мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар облыстың денсаулық сақтау
жүйесінің қазіргі жай-күйі жөнінде пікір алмасып, бар проблемаларды және оларды
шешудің ықтимал жолдарын белгіледі. Пациентке бағдарланған әрі тұрақты
денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру үшін бизнес, кәсіби медициналық қауымдастық
және заң шығарушы билік өкілдері арасындағы серіктестіктің маңыздылығы атап
өтілді.
.jpeg)
.jpeg)
