“Ақ жол”
демпартиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, мәслихат депутаты Олжас
Нуралдиновпен бірге Мүмкіндігі шектеулі жандарды реабилитациялау орталығына бардық.
Орталықты өзі мүгедек арбасына таңылған, өткен сайлауда біздің партияның атынан
мәслихат депутаттығына кандидат болған Ербол Игембергенов басқарады. Орталықтың
жұмысымен, ғимараттың жағдайымен таныстық. Ерболдың айтуынша, қымбат
реабилитациялық құрылғылармен жабдықтауда кәсіпкер әрі меценат Нұрлан Смағұлов
үлкен көмек көрсетіпті.
Денсаулықты
қалпына келтіріп жатқан науқастармен әңгімелестік, нақты мүгедектерді қолдау
жайында да, жалпы “өмір жайында” да сөйлестік.
Көтерілген
мәселелер – мүгедектерді әлеуметтік тұрғын-үй кезегіне қоюдағы қиындық, мүгедек
арбаларын мүмкіндігі шектеулі жанның жеке ерекшелігіне сәйкес қосымша құрылғылармен толықтыру мүмкіндігінің
жоқтығы; пандус туралы талаптың формалды түрде орындалуы (көптеген пандустарда
жүру мүмкін емес), банктердің бұндай несиелерді сақтандыра алатынына
қарамастан, 1 және 2 топтағы мүгедектерге несие беруден бас тартуы (мысалы,
автокөлік немесе ипотека алуға); қолжетімді қалпына келтіру орталықтарының
жетіспеуі (олардың мәліметінше, мүгедек арбасына таңылғандардың саны 3 мыңнан
асатын Алматы қаласында 35 адамға лайықталған жалғыз осы ERZI орталығы бар).
Сонымен қатар,
барлық пациенттер орталықтағы сабақтардың жоғары тиімділігін атауда: мысалы,
төсекке таңылған мүгедектер жаттығулар курсынан кейін орындыққа ауысып, өз
бетінше негізгі қажеттілііктерін орындай бастайды: тамақтанып, отырып, тіпті,
жүру құралын пайдаланады).
Әрине, осы тектес коммерциялық мекемелер де бар, бірақ онда 10 күндік курс 400-500 мың теңгеге шығады, ал оңалту тұрақты жаттығуды қажет етеді: мысалы, жиналғандардың көбі 3 және одан да көп жыл бойы орталық қызметіне жүгініп жүргендер.
Бөлек мәселе - орталық ғимаратының жағдайы, мұнда жылу жүйесі толық ауыстыруды қажет етеді. Құбырларды тот басқан, жылу батареялары үнемі жарылып, қабаттарды су басады. Өтініштерге әкімдік мекеме сенімгерлік басқаруда болғандықтан (мүгедектердің өздерінде) өз бетінше ақша тауып, ғимаратты күтіп ұстау керек деп жауап береді.
Кездесу
нәтижесінде біз осы мәселелерді уәкілетті органдардың алдында көтеруге келістік.
Жағдайды бақылауда ұстаймыз.