Бүгін «Ақ жол» демпартиясының орталық офисінде Халықаралық зерттеуші-журналистер қауымдастығының («Reporter: Investigative journalism») өкілі, британдық журналист Матей Росканы қабылдадым.
Роска мырза
қазіргі уақытта шетелге заңсыз аударылған қазақстандық активтер тақырыбымен
айналысып жатыр.
Айтуынша,
Ұлыбританияда заңсыз капиталды қайтару туралы елімізде қабылданған заңнан
хабардар және тәуелсіз журналистер қауымы бұл мәселеде Қазақстанға қажетті
көмек көрсетуге дайын екенін айтты.
Қонағымыз «Ақ
жол» демпартиясының бұл бағыттағы көп жылғы күш-жігері мен тәжірибесінен де
хабардар екен. Оның өтініші бойынша 2013 жылғы Кипрлық тарихтан бастап,
Швейцарияда 82 қазақстандықтың банктік есепшотының анықталғанын, «Ақ жол»
депутаттарының Швейцария парламентіндегі кездесулері, «Панама тізімі» мен
«Жұмақ досье», БЖЗҚ-ның банкротқа ұшыраған Әзірбайжан халықаралық банкінің
акцияларын сатып алуы және т.б. туралы айтып бердім.
Сондай-ақ
Ұлыбританияның шығу дерегі белгісіз байлық туралы заңының бізге қаншалықты әсер
еткені (2017 ж.) мен 2018-2020 жылдары «Ақ жол» фракциясының біздің елде де
осындай заң қабылдау керектігі жөнінде бірнеше рет қойған талабы туралы айттым.
Тек Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасынан кейін ғана заңсыз
шығарылған капиталды қайтару туралы заң қабылданған еді, бұл іс жүзінде
британдық тәжірибенің имплементациясы болды.
Фракцияның өнім
бөлісу келісімшартын жария ету және мұнай-газ саласындағы батыс инвесторларымен
қарым-қатынаста Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғау туралы депутаттық
сауалдары, сондай-ақ «PSA» ЖШС-нің республиканың Қашаған бойынша 138 миллиард
долларлық кетіріп алған пайдасын өтеу жөніндегі NCOC компаниясы қойған талабы
қонақтың ерекше қызығушылығын тудырды.
Әры қарай да
аталған мәселелер бойынша өзара әрекеттесуге келістік.