10 шілде 2025 жыл, Ақмола облыстық филиалы
Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары барысында ҚР Мәжіліс депутаты, «Ақ
жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Көкшетау қаласындағы №2
мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде болды.
Делегация 2024 жылы ашылған Жоспарлау және жедел басқару орталығының
жұмысымен танысты. Бұл орталық – орман өрттері секілді табиғи төтенше
жағдайлардың алдын алуда маңызды рөл атқарады.
Сапар аясында су тасқыны зардаптарын жоюға және алдын алуға белсене
қатысқан ержүрек құтқарушыларға марапаттар табысталды.
«Ақ жол» партиясының Ұлттық кеңесі атынан 6 қызметкерге «Апатпен күрескені
үшін» медалі берілді.
Марапатталған құтқарушылар:
1. Ашимов Ренат Муратович
2. Маковский Дмитрий Игоревич
3. Олжатаев Арслан Русланович
4. Өмірзақ Әлді Сағидоллаұлы
5. Түкенов Мейрам Каримович
6. Байсалбаев Кабыкен
Мухамеджанович
Азат Перуашев өз сөзінде:
«Сіздер апаттың алғашқы сәтінен бастап алдыңғы шептесіздер. Бұл – жай ғана
мамандық емес, күн сайынғы ерлік. Халқымыз сіздердің ерлікке толы
еңбектеріңізге алғысын білдіреді», – деді.
Сонымен қатар, партия құтқарушылардың әлеуметтік қорғалуын арттыру, жұмыс
жағдайын жақсарту және азаматтық қорғау қызметінің материалдық-техникалық
базасын нығайту мәселелерін күн тәртібінде ұстауға ниетті.









