20
Қыркүйек

Азат Перуашев коммерциялық банктердің қызметкерлері мен "ҚазжолҒЗИ" АҚ ұжымымен (аталмыш ҒЗИ Алматы қалалық филиалымен бірге) бірқатар кездесулер өткізді

https://t.me/peruash/12061

Коммерциялық банктердің қызметкерлері мен "ҚазжолҒЗИ" АҚ ұжымымен (аталмыш ҒЗИ Алматы қалалық филиалымен бірге) бірқатар кездесулер өткіздім.

Ағымдағы мәселелермен қатар (жаңа салық кодексі, экономиканы қаржыландыру мен бюджетті қалыптастырудағы банктердің рөлі; жол құрылысындағы жаңа технологиялар мен материалдар және т.б.) АЭС құрылысы бойынша алдағы референдумды талқылауға көп көңіл бөлдік.

Қазіргі кездегі электр қуатының тапшылығына және соған байланысты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде туындайтын проблемаларға негізделген өз ұстанымымды айттым. 5 мәселе бойынша қойылған сұрақтарға жауап бердім:

 ⁃ қауіпсіздік кепілі;

 ⁃ экологияға әсері

 ⁃ жемқорлық тәуекелдері;

 ⁃ мердігерді таңдау;

 ⁃ өз кадрларымыздың болуы.

Әрине, қауіпсіздік – біздің елімізді ғана емес, барлық көршілерді, жалпы халықаралық қауымдастықты алаңдататын ең маңызды мәселе. Сондықтан бұл жерде жеке мердігер компания немесе мемлекет емес, МАГАТЭ түріндегі бүкіл әлемдік атом энергетикасы қауымдастығы кепілдік береді. Мұндай нысандар осы ұйымның қатаң бақылауында салынып, пайдаланылуы керек. Запорожье АЭС-індегі оқиғалар соғыс қимылдары кезінде де тараптар қауіпсіздік талаптарын сақтайтынын және МАГАТЭ бақылауына кедергі жасамайтынын көрсетті.

Экологияға қатысты реакторды бастапқы іске қосу үшін де, қолданылған суды қайта ағызу үшін де Балқаштан тікелей су пайдалану мүмкіндігін болдырмау туралы ұсыныс жасалды. Құрылыс мәселесін халық мақұлдаса, АЭС-тің орналасу жері және мердігерді таңдау мәселелерін, басқа да техникалық жайттарды уәкілетті органдар шешуі керектігін айттым.

Сондай-ақ, қазіргі энергия тапшылығын балама әзірлемелермен толықтыру, осы Ғылыми зерттеу институты әзірлеген аса шыдамды бетонды АЭС құрылысында пайдалану туралы және т.б. қатысты ұсыныстарды тыңдадым.

Кездесуге қатысушыларды 6 қазанда өтетін референдумға келіп, өз таңдауларын жасауға шақырдым: технологиялық прогрестің пайдасына немесе тас/көмір дәуірінің пайдасына - әркім өзі үшін ғана емес, болашақ ұрпақ үшін де шешім қабылдайды.