18
Мамыр

Азат Перуашев Маңғыстаулықтармен Конституциялық реформа мен жергілікті проблемалардың шешу жолын талқылады

https://t.me/peruash/5670

16-17 мамырда Маңғыстауда жұмыс істедік. Дүйсенбі күні «Ақ жол» демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалының жетекшісі, облыстық мәслихаттың депутаты Жаңбырбай Матаев әріптестерімен тығыз жұмыс кестесін ұйымдастырды.
Кеше таңертең ҚазАКСР орталық атқару комитетін басқарған, 1925 жылы Қырғыз автономды республика атауына, ұлтымыздың Қазақ атауын қайтарған мемлекет қайраткері Жалау Мыңбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойдық.

Одан кейін МАЭК мен кәсіпкерлер Палатасында конституциялық реформаларды талқылау бойынша кездесулер өтті.
МАЭК-те өндіріс ошағының қазіргі ахуалы мен негізгі мәселелерімен таныстық. Жұмысшылар мемлекет өмір сапасын жақсартуға нақты қадам жасайды деген үмітпен Конституциялық реформаларға нық сенім артуда: «Ұранды атаулардан өзге еш өзгеріс көрініп тұрған жоқ». Қаңтар оқиғаларының салдарына қатысты алаңдаушылықтарын білдірді: жастарды кінәлі қылып шығармай, істің мән-жайын әділ анықтауды сұрады. Техперсоналдың төмен жалақы мөлшері (100 мың.), азық-түлік бағасының өсуі, әйелдердің зейнет жасының төмендеруі секілді мәселелер көтерілді. Негізгі сұрақ: бұл мәселелерді шешу жолында Конституциялық реформа не береді?
Шынайы өзгерістердің орнына ұранды сөздердің айтылуына қатысты пікірлерін қолдап, «Жаңа Қазақстан», «Екінші Республика» ұғымдарын қолданғаннан мемлекет өздігінен жаңарып кетпейтінін айттым. Сөздер нақты өзгерістермен дәлелденуі қажет. Бірақ, өзгерістердің өзі не бір реттік, не «таңдаулы» болуы мүмкін - айлық көтеру, наразылық танытушылардың жауапкершілігін жеңілдету, сүт бағасын көтеруге тыйым салу секілді. Мұндай жағдайда бұл мәселелер уақыт өте келе қайта күн тәртібіне шығып, оған өзге де жаңа түйткілдер қосылады.
Сондай-ақ, жүйелі, билік пен қоғам қатынасын алмастыратын өзгерістер болуы мүмкін. Ол кезде жалақы еңбекке сай, жаңа жұмыс орындар тек ұлттық компаниялармен шектелмеуі, азық-түлік бағасынан монополистердің үстемесі алынып тасталуы керек және т.б. Мәселелер уақытылы және қарабайыр режимде шешілуі әбден мүмкін. Бұл әлеуметтік мемлекеттердің жұмыс әрекеті, бұл форматқа президент ұсынған Конституциялық өзгерістер де бағытталған.

Қаңтар оқиғасында ұсталған жастардың тағдырына қатысты Қ.Тоқаевтың «ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда ұсталғандарға жауапкершілікті жеңілдету туралы» тапсырмасын еске салдым. Басқаша айтқанда, президент азаматтар мен мемлекеттік мекемелерге шабуыл жасаған тәртіпсіздіктерді қоздырушыларды қалың нөпірге кездейсоқ ұрынған жастардан ажырату міндетін қойды (біз қолдаймыз).
"Ақ жол" демократиялық партиясының осы бағыттағы жұмысы, түрмелерге баруымыз, тұтқындалғандармен кездесуіміз туралы; азаматтардың нақты жағдайы мен тағдыры бойынша Бас прокуратураға біздің жүзге жуық өтініштеріміз туралы айтып бердім.
Прокуратурадан алынған жауаптар жалаң болып шықты, сондықтан өткен айда біздің өтініштерімізді және оларға берілген жауаптарды алып Бас прокурор Б.Асыловпен кездесуге бардым, онымен екі сағаттай сөйлестік, нәтижесінде олар өтініштер мен оларда көрсетілген мән-жайлар (тергеушілердің аты-жөні көрсетілген азаптаулар, мемлекеттік адвокаттардың әрекетсіздігі, ұсталғандардың пайдасына дәлелдер мен куәларды елемеу және т.б. туралы хабарламалар) мұқият қаралатынына келістік. Сондай-ақ біздің өтініштерімізден кейін ұлдары үйлеріне оралған отбасылардың алғыс айтып жатқандары; өңірлердегі кездесулерде аналар бізге арнайы алғыс айту үшін ғана келген жағдайлар туралы сөз еттім.
Біздің міндет – қаңтар трагедиясынан халық мемлекет тағдырына араласып, біртұтас болып шығуы.
Мемлекет өз кезегінде қоғам сұранысына жақын болып, мәселелерді қоғам мүддесіне сай шешу үшін саяси үлгіге терең өзгерістер енгізіп, талқылауды көшеден мәслихаттар мен парламент қабырғасына көшіруде. Менің ойымша, бұл конституциялық реформаның басты мақсаты.

Бағаның көтерілуіне қатысты Ұлттық банктің инфляцияны тежеудегі, отандық өндірісті қолжетімді несиелендірудегі қате саясаты туралы да пікіріммен бөлістім.

https://t.me/peruash/5677

«Атамекен» РКП-де өңір кәсіпкерлерімен өткен кездесуде де осындай тақырыптар қозғалды. Палата басшысы Рашид Мұстапаев принципті ұстанатындығымен танымал, сондықтан әңгіме бізбен бір бағытта өрбіді). ШОБ өкілдерін Конституциялық реформаның мемлекеттің экономикалық саясатына қалай әсер ететіні қызықтырады. Ірі шетелдік жер қойнауын пайдаланушылармен тең емес қарым-қатынастар, ауыспалы қаржыландырудағы қаржылық алшақтық пен келісім шарттарды орындаудың ақылға қонымсыз мерзімдеріне әкеліп соғатын мемлекеттік сатып алудағы созып алушылық мәселелері көтерілді.

Мемлекеттік аудит органдары тарапынан тендерге әсер етіп, келісім шарттарды өз қалауы бойынша «қайта өзгертетін» іске тұрақты араласулары мен заңсыздыққа; мемлекеттік органдардың өзіндік құнға және нарықтық экономиканың барлық заңдарына қайшы «бағаны ұстау» талаптарына (онда салықтарды алып тастап, субсидиялау жүргізу керек!) шағымданды. Ақтаудың туристік әлеуеті мен Каспий теңізінің жағалау аймағын дамыту мәселесі көтерілді. Осылайша, теңіздің бұрынғы жағалау сызығынан шамамен 1 км-ге кетуіне байланысты базалар мен айлақтарды салу үшін бөлінген учаскелер өзекті емес болып қалуда немесе тереңдету үшін ШОБ үшін қолжетімсіз үлкен шығындарды талап етеді, сонымен қатар, уәкілетті органдардың қосымша рұқсаттары қажет.
Сондай-ақ, кәсіпкерлер шағын бизнесті тексеруге жарияланған мораторийдің аяқталуын үреймен күтіп отыр. Салық органдарының СНТ және ЭСФ енгізу бойынша эксперименттерінен кейін олар Салық кодексіндегі кезекті жаңалықтардан да қорқады. Сондай-ақ олар менің «Атамекен» палатасының «негізін қалаушы» ретінде ҰКП-ның болашағы туралы пікірімді де сұрады. Іскерлік қоғамдастық бұл ұйымның реформасын белсенді түрде шеттетуде, оның қажеттілігі туралы даулар және т.б. жүріп жатыр.
Өзара пікір алмасып, әріптестер «Ақ жол» демпартиясына бизнесті қолдаудағы, адал бәсекелестік пен экономиканы монополиясыздандырудағы берік ұстанымы үшін алғыстарын білдірді. Саяси реформа да бизнес-климаттын жақсартуға әкелетініне сенім білдіріп, дау-дамайларға қарамастан «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңға шетелдік шикізат өндірушілерге офсеттік саясат пен жергілікті кәсіпкерлермен өзара әрекеттесу талабын енгізе алдық. Конституцияға жер мен жер қойнауы халық меншiгi деген өзгерiстер енгiзiлуi аясында кейiнгi заңдарда отандық кәсiпкерлiктi қолдау талаптарын күшейтеміз.
Әлемде кеңінен қолданылып жүрген әлеуметтік маңызы бар тауарларға ҚҚС төмендетілген мөлшерлемелерді енгізуге қатысты түсініксіз жағдайға қатысты ойымды айттым, бірақ 2012 жылдан бері үкімет «Ақ жол» ҚДП-ның осыған ұқсас талаптарын, тіпті, Президент Қ. Тоқаевтың 2020 ж. шешіміне қарамастан назарға алмауда.
Бірқатар нақты мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдарға сауалдар мен ұсыныстар дайындайтын боламыз.

Түс ауа жақында ғана анасы қайтыс болған қалалық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Айдар Исмағұловтың үйіне барып, көңіл айтып, анасының рухына құран бағыштадық.

Одан кейін «Ақ жол» демпартиясы белсенділері және ардагерлерімен пікір алмасып, реформаға қатысты сұрақтарға жауап беріп, әрбір өзгеріске қатысты өз ұстанымдарымызды дәледеуге тырыстым. Бұл басқосуда партиямызды осыдан 20 жыл бұрын құрған ардагерлер де сөз сөйледі. Баяндамалар өткір, конституциялық реформа бойынша ұсыныстар ауқымды болды, 1993 жылғы Конституцияға оралудан бастап, талқыланып жатқан жобаға әртүрлі қосымша нормалар енгізуге дейін. Мен өз әріптестерімді сендіруі мүмкін екі дәлел келтірдім: 1) бітпейтін даулар мен пікірталастарға батып, нәтижесінде мүлде орындалмай қалуы мүмкін реформалардың созылып кету қаупі туралы; б) «real politic» принципі туралы: болашақта тереңдету үшін өзгерістерді қазірден бастау.
Кездесу соңында 2002-2005 жылдары «Ақ жол» ҚДП-ны құруға атсалысқан бір топ ардагерлерге «Партияның 20 жылдығы» естелік белгісін; сондай-ақ жаңадан қосылған жастарға партия билеттерін табыстадым.

https://t.me/peruash/5682

Одан кейін түн ортасына дейін Форт-Шевченко, Аташ пен Баутинодан Түпқараған аудандық кеңесінің мүшелерімен және мәслихат депутаттарымен төрт сағат әңгімелестік. Бұл кездесу өте қызу өтіп, толықтай жерлестерінің түйткілді мәселелеріне арналды: пікір таластырып, дауласып, бір-бірімізді түсінуге тырыстық.

Немқұрайлы емес белсенділер көтерген мәселелердің ішінде:
жергілікті тұрғындардың кен орындарында жұмысқа тұру мүмкіндігін шектейтін шетелдік жер қойнауын игерушілерге қатысты көптеген талаптар — Атыраудағы медициналық анықтамалардан бастап Қазақстандық жүргізуші куәліктерінің қажетті категорияларының бар екендігіне қарамастан, көлік жүргізу құқығының бір жылдық ерекше сертификатына дейін;
мемлекеттік органдардың су тұшыту жобасының құрылысына қажетті экспертизаны он жыл бойы созуы, онсыз ауданның тіршілік көзі тарылуда;
түсініксіз тұлғалардың жағалау аумақтарын көптеп басып алуы, жергілікті тұрғындар теңізге жетуден шектелсе де, мұндай аумақтардың қоршаулары талай жылдан бері еш дамымай отыр.
әдеттегідей, өндіріс кәсіпорындары қалдықтардың стихиялы қоқыс орындары. Соның салдарынан аймақ ластанған. Ал, полигондарды өртеу тұрғындарды түтінмен тұншықтырады. Қоқыс көлемінің үлкендігін ескере отырып, қоқыс өңдеу зауытының құрылысы мен мұндай жобаға инвестор табудың, сондай-ақ, полигондарды мемлекеттік кәсіпорындарға беру қажеттілігі туындап отыр. Осыған орай, Семейдегі жағдайды мысалға келтірдім. Онда МҚК коррупциялық жанжалдың астында қалған еді.
Өңірде теңіз тасымалы бойынша аккредиттелген мекеменің (колледж, орталық) жоқтығы. Мұндай жалғыз орталық Алматыда, ал, жергілікті университеттің аккредитациясы жоқ. Сондықтан, оның дипломы Ресейдегі қымбат сертификацияны қажет етеді. Нәтижесінде, теңіз жағасында өсіп, кеме жүргізуді армандаған жастар құр қалуда.
Орал-Каспи су инспекциясы қолданатын теңізде балық аулауды реттеу жүйесі өзен-көлдерде балық аулау үшін әзірленген. Ол жағалау учаскелерін бөліп беруге негізделген. Ал, теңізде балық аулау үшін бұл жүйе тиімсіз. Теңіз балығы тобымен өз бағыты бойынша жүзеді, кейде жағалаудан алыс болады. Сондықтан, балық мүлде келмейтін су аймақтары көп. Әңгімелесушілер теңізде балық аулауды не көлем бойынша, не теңіз аумағындағы аймақтардың координаттары бойынша реттеуді ұсынады.
Дәл осылай өзендегі реттеулер де (кемені сағат 20.00 кешіктірмей қайтару және т.б.) теңіздің ерекшеліктеріне сай емес. Онда (белсенділердің айтуынша) балықтың кейбір түрлерін кешке не түнде аулаған тиімді. Бұл сәйкессіздіктер балық инспекциясының айыппұл салуына себеп болып, кейде жергілікті балықшыларды бопсалауға әкеліп жатады. Бәлкім, сол себепті талай жылдан бері Ережелерге тиісті өзгерістер енгізілмей келеді, алайда, мен әңгімелескен адамдардың айтуынша, мұндай өзгерістер әлдеқашан дайындалып, мемлекеттік органдарға жолданған. Т.с.с.

Өзімнің сиқыршы еместігімді және қордаланған мәселелерді бір сағатта шеше алмайтынымды айттым. Конституция мен “парламент туралы” заңға сәйкес депутаттардың бюджет қаржысын талап ететін бірде-бір ұсынысы Үкімет келісімінсіз қаралмайды.

Сондықтан, шығынды мәселелер бойынша (су тұшыту зауытының құрылысы, теңіз тасымалының оқыту орталығын құру және т.б.) қалай болғанда да үкіметке жүгінуіміз керек. Біз бұны жасаймыз, дегенмен, шешімді атқарушы органдар қабылдайды. Біздің мақсатымыз шенеуніктердің істі жылы жауып қоюына жол бермеу.

Жер учаскелерін алып қоюға қатысты (белсенділер тез арада қоршауларды бұзып, жағалауды қайтаруды талап етті) қадағалау органдарының шешімдері - бірінші кезекте прокуратураның және, мүмкін, соттың да шешімі қажет. Сонымен бірге, «Сот туралы» заңға сәйкес, сот мәселелерін қарауға ешбір лауазымды тұлға, оның ішінде депутаттар да араласа алмайды.
Біз прокуратураға жүгінуге дайынбыз, олар жағалаудағы аумақтарды басып алудың заңдылығын тексере алады. Меніңше, жағалау сызығы жергілікті тұрғындар үшін қолжетімді болып қалуы керек, сонымен қатар су қорғау аймағы деген ұғым бар. Бірақ жағдайға нақты бағаны қадағалаушы органдар беруі керек.
Сонымен қатар, азаматтар мен мемлекеттік органдар жерді алып қоюды сот тәртібімен даулауға құқылы.

https://t.me/peruash/5683

Содан кейін сұхбаттасушылар мұндай процесте адвокаттың ақысын кім төлейтінін сұрады. Адвокат қажет болса, бұл олардың таңдауы, бірақ жерлестерінің мүддесін өз бетінше қорғауға ешкім кедергі келтірмейтінін түсіндірдім.

Мен бұл мәселе бойынша Бас прокуратураға жеке хабарласатынымды айтып сендірдім, бірақ олардан жағалаудың даулы учаскелерінің координаттарын және оларды басып алғаны туралы айғақтарды (қоршаудың фотосуреттері, жылжымайтын мүлік базасынан үзінді көшірмелері) беруін сұрадым.
Сол сияқты, бізге уәкілетті органдармен басқа да тақырыптарда сөйлесу үшін қажетті фактілермен «қаруландыруды» ұсындым.
Кездесу жақсы әсер қалдырды, өздерінің жеке мәселесін емес, тұтас Түпқарағандық халықтың өмір сапасы мен тұрмыс жағдайына қатысты ғана сұрақтарды қойды.
Бұл бастамаларды қолдау қажет деп санаймын. Біз өзара әрекеттесу форматын келістік, ҚК мүшелері бізге растайтын құжаттарды (бар болса) және аудан тұрғындарының өтініштерін жібереді; дереу жұмысқа кірісеміз. Еріксіз осы жерде де әңгіме өзгерістер (Конституциялық реформа да) қажеттілігіне ауды.
Түн ортасында тарадық. Алда Жаңаөзен.