25
Қантар

Азат Перуашев: Ондаған жылдар ішінде венчурлық қорлармен 18-ақ жоба қаржыландырылып, оның 4 ғана аяқталды – «Ақ жол» партиясы Үкімет пен Есеп комитетінен венчурлық қорлардың мемлекеттік қаржыны тиімді қолданылатынына және оның экономиканың технологиялық дамуына ықпалын тигізетініне тексеріс өткізуді талап етеді

«Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі, 2017 жылдың 25 қаңтары.

Ондаған жылдар ішіндевенчурлық қорлармен 18-ақ жоба қаржыландырылып, оның 4 ғана аяқталды – «Ақ жол» партиясы Үкімет пен Есеп комитетінен венчурлық қорлардың мемлекеттік қаржыны тиімді қолданылатынына және оның экономиканың технологиялық дамуына ықпалын тигізетініне тексеріс өткізуді талап етеді. Бұл туралы бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында Азат Перуашев мәлімдеді.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Қазақстан халқына жолдауында, көптеген өзге де басымдықтардың ішінде венчурлық қаржыландыруды жетілдіру қажеттілігі белгіленгені туралы фракцияның Премьер-Министр Сағынтаевтың және Есеп комитетінің төрағасы Жанбырчиннің атына жолдаған сауалында айтылған. «Венчурлық қаржыландыру деп жоғары деңгейлі тәуекелі бар, бірақ аса жоғары пайда алу мақсатында, инновациялық және жаңадан басталған бизнесті қаржыландыруды айтамыз. Әдетте венчурлық каржыландырылған жобалардың 70-80% қайтарымсыз, ал қалған 20-30% жобадан түскен аса жоғары пайда барлық шығындарды өтеп ғана қоймай, венчурлық қорлардың тиімділігін қамтамасыз ету қажет екендігі ұстанымды жайт!

Бұл бағыт, тікелей нарықтық бағытына байланысты мемлекеттік даму институттарының назарынан тыс қалмай, 2003-2004 жж. «Ұлттық инновациялық қор» АҚ құрылды, бертін келе Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік (ТДҰА) болып қайта құрылды. Қолда бар мәліметтерге сай (business.gov.kz) ТДҰА өз кезегінде 7 отандық венчурлық қорлардың құрылуына және 7 шетелдік қорларды қаржыландыруға қатысты.

Бірақ, Перуашевтің атап өткеніндей, «бүкіл жұмыс істеген жылдары бұл 14 венчурлық қорлармен Қазақстанда жалпы сомасы 1,9 млрд теңгені құрайтын 18-ақ жоба қаржыландырылып, оның  жалпы сомасы 60 млн теңгені ғана құрайтыны тек 4-уі аяқталды. Яғни, қаржылық тұрғыдан қарағанда, бөлінген қаражаттың 3-ақ %-ы  тиімді игерілді».

Депутаттың айтуынша, ол қорларды, басшылары мен менеджерлерін ұстау үшін қанша мемлекеттік қаражат жұмсалғаны жайлы ашық мәліметтер жоқ, ал олардың жұмыс нәтижелері тым мардымсыз: 14 жылдың ішінде шамамен 1 қордың 0,3-тен аз аяқталған жобасы бар.

Бұрынғы Ұлттық инновациялық қордың қайта құру сәтінде  тікелей шығындары 12 млрд.-қа жуық теңгені құрады, бұл ретте оның жұмысы отандық экономиканың технологиялық және инновациялық дамуына ешқандай ықпалын тигібегені анық. Қазіргі уақытта оның ісін жалғастырушы ТДҰА мемлекеттік-жеке серіктестік аясында 4 отандық венчурлық қорды қайта қаржыландыруда. Олардың іскерлігі де аса нәтижелі емес екен: мысалы, БАҚ мәліметінше «Әрекет» қоры 7 млрд. теңгеден астам шығынға жол берді.

 «Жеке инвесторлардың қатысуының арқасында бұл қорлар жайлы қандай болса да мәлметтер бар. Бірақ, басқа да даму институттарының қатысумен құрылған венчурлық қаржыландыру кәсіпорындары жайында ешбір мәліметтер жоқ. Ал, аталмыш құрылымдардың негізгі мақсаты - жаңа перспективалық бизнес-бастамаларды тарту, бағалау, іріктеу және қолдау болып табылады, ал оның бизнес қоғамдастықтан жабық тәртіпте жүзеге асыру мүмкін емес».

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, дәл осы венчурлік инвестиция әлемге әйгілі Microsoft, Apple, eBay, Yahoo және т.б. компаниялары мен олардың өнімдеріне   «жол ашты».

«Қазақстанда венчурлық қаржыландыруының дамуының тежелуінің негізгі себептері қаражат үнемдеу немесе бизнес әрекетсіздігі  ғана емес, оның тиімсіз қолдануын және венчурлық қорлардың толық ашық еместігі,   құқықтық базаның әлсіздігі және осы бағытқа бөлінген мемлекеттік ресурстарды қажетті қадағалау болмағанына»,- сенімді «Ақ жол» көшбасшысы.

Осыған байланысты, «Ақ жол» ҚДП фракциясы Үкіметке және Есеп комитетіне келесі сұрақтарын қояды:

1) Мемлекеттің қатысуымен 2003 жылдан 2016 жыл аралығында (сонымен қоса әрбір жыл бойынша) венчурлық инвестициялау институттарының дамуын жүзеге асыруына  мемлекеттік бюджеттен қанша ақшалай қаражат бөлінді?

2) Мемлекет немесе мемлекеттік даму институтының қатысуымен  қанша венчурлық қорлар құрылған, және олардың: а) инновациялық, б) қаржылық нәтижесі қандай? Осы венчурлық қорлардың арасында қаражаты жай жұмсамай, қорға табыстылық  қамтамасыз еткен ең болмаса біреуі бар ма?

3) Есеп комитетімен мемлекеттің қатысуымен венчурлық қор қызметінің мемлекет қаражатының жұмсалуынның тиімділігін тексерген кездері болды ма?

4) Егерде біздің олардын нәтижесіздігі және қаржылық дәрменсіздігі туралы мәліметтеріміз расталған болса, онда осы қаражатпен иелік еткен лауазымды тұлғалардың қайсысы тиісті жауапкершілікке тартылды?

5) Инновациялық жобаларды және басталып жатқан бизнесті  қолдаудың маңызды бағыты ретінде, қазіргі уақытта венчурлық қаржыландырудың дамуы бойынша Үкімет қандай шараларды жүзеге асырып отыр?

«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысын жалғастыруда.