10 шілде 2025 жыл, Ақмола облыстық филиалы
Ақмола облысына жұмыс сапары барысында партия төрағасы Азат Перуашев “Ақ
жол” партиясынан қалалық мәслихат депутаты Ерсайын Жақсылықов басқаратын сүт
өңдеу кәсіпорны — «Гормолзаводқа» барды.
Зауыт – сапалы өнімдерімен танымал, «Алтын сапа» сыйлығының иегері. Мұнда
дәстүрлі әдістер мен заманауи технологиялар үйлесімді қолданылуда. Делегация
сүт өңдеу барысымен және ұлттық өнім — құрт өндірісімен танысты.
Азат Перуашев:
«Бүгінгі күні қазақстандық кәсіпорындар үшін аутенттілікті сақтай отырып,
заманауи технологияларды енгізу өте маңызды. Бұл – агроөңдеу саласының тиімді
үлгісі», – деп атап өтті.
Кездесу барысында субсидияларға қол жеткізудегі қиындықтар, қаржыландыру
мәселелері, сондай-ақ өңдеуші кәсіпорындарға арналған мемлекеттік
бағдарламаларды жеңілдету қажеттігі айтылды.










