Бүгін Мәжілістің
жұмыс тобы (жетекшісі депутат Абзал Құспан) «Ақ жол» фракциясының жемқорлыққа
жол берген шенеуніктерге бостандыққа шыққаннан кейін де шетелде жасырылған
миллиардтарына баруға тыйым салатын түзетуін қабылдады.
Егер олар өз
мемлекетінен ұрланған байлықты пайдаланғысы келсе (тергеу таппай қойған), бұл
шара аталмыш қаржыны Қазақстанға, жоқ дегенде экономикаға инвестиция түрінде
қайтаруға міндеттейді. Әйтпесе, жемқорлар бұл миллиардтарды жеке қамдары үшін
пайдалану мүмкіндігінен айырылады, ал бұл қаржыны қайтару үшін ең күшті
мотиватор.
Еске сала кетейін,
«Ақ жол» фракциясы бұл ұсыныстарды 2017 жылдан бері бірнеше рет енгізген, бірақ
әр жолы біздің әрекетімізге мемлекеттік органдар тосқауыл қойып келді.
2024 жылы ақыры
үкіметтен оң қорытынды алып, бірақ осыдан бір-екі күн бұрын, биыл 14 қаңтарда
Әділет министрлігінің талабы бойынша жұмыс тобы шешімді қайтадан кейінге
қалдырды (талқылауды қараңыз: https://t.me/peruash/12544).
Осыған орай,
Мәжілістің кешегі отырысында «Ақ жол» фракциясы бұл ұсынысты «негізсіз» (?!)
деп атап, тікелей жауап беруден жалтарған Антикор басшылығының алдында осы
мәселені көтеруге мәжбүр болды (https://t.me/peruash/12553).
Алайда бүгін жұмыс
тобы мәселеге қайта оралып, шенеуніктердің қарсылығын бірауыздан (!) еңсерді.
Осындай маңызды
шешімді қабылдаған топ жетекшісі А.Құспанға, депутаттар Мұрат Әбеновке, Ажар
Сағындықоваға, Марат Башировқа, жұмыс тобының барлық мүшелеріне және «Ақ жол»
фракциясының депутаттарына алғысымды білдіремін.
Бұл шара сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күресуде және клептократтар заңсыз шетелге шығарған капиталды
Қазақстан халқы мен мемлекетіне қайтаруда маңызды рөл атқаратынына сенімдімін.
P.S. Айтпақшы,
"Ақ жол" фракциясының аталмыш бастамасына қатысты журналистерге пікір
білдірген Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова «Әділет министрлігінің
жемқорлық бабымен сотталған азаматтарға шетелге шығуға тыйым салуға қатысты
ұстанымы әлі жоқ, алайда ведомство бұл ұсынысты қарастыруға дайын... Бұл түзету
жұмыс тобына ресми түрде әлі енгізілген жоқ» деп мәлімдеді (https://kz.kursiv.media/2025-01-16/tksh-zapret-vyyezd-granitsa-minyust/amp/).
Ал, сейсенбі күні
бұл түзетуді талқылап, бүгін қабылдаған жұмыс тобында сол Әділет министрлігінің
басқарма басшысы Бекболат Берназаров болды (үкіметтің ресми қорытындысына
қарамастан, жанкештілікпен қарсы шықты).
Сонымен қатар, мен
Мәжілістің кешегі отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасы
төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловқа сауал жолдағанымда түзетудің
енгізілгенін және осы жұмыс тобының аясында талқыланып жатқанын хабарладым. (https://t.me/peruash/12553).
Вице-министрдің
неге кері сөйлеп отырғаны маған түсініксіз. Депутаттық ұсыныс аясында ресми
түрде жолданбаса, бұл түзету бүгін қабылданбас еді.
Дегенмен, мұның
барлығы жұмыс барысындағы жағдайлар, бастысы ұсыныс қабылданды.