Қостанайда техникалық іске қосылуы 26 тамызға
жоспарланған, құрылысы жүріп жатқан КамЛит зауытында бардық. Кәсіпорын цилиндр блоктарын шығармақ.
Негізінен, бұл өнімдерді тәжірбилік режимде шығарып та жатыр.
Бір жыл бұрын осы кәсіпорынға келгенде едені құйылып,
алғашқы агрегаттарды орнату жұмысы енді ғана аяқталып жатқан еді. Бүгінде зауыт
ең заманауи еуропалық қондырғылармен жабдықталған. Іске қосу жұмысы аяқталып
жатыр. Өнімнің 70 пайызын экспортқа шығару жоспарлануда. Демек, жоба толық
жүзеге асуға жақын, ал Қазақстанда заманауи зертханалық базасы бар қуатты
технологиялық кәсіпорын пайда болады.
Бірқатар операциялар толығымен роботтанған әрі бүгінгі күні шығарылатын
цилиндр блоктары көрсетілген параметрлерді дәл сақтайтыны сонша, олар түрік
аналогтарына қарағанда айтарлықтай жеңіл болып шығып жатыр. Бұл материалдарың
үнемділігі мен қазақстандық өндірушілердің техникалық біліктілігін көрсетеді.
Жастар көп, бас директор Дмитрий Гуртовой тек
қолданылатын металдың ғана емес, сонымен қатар шығын материалдары – шойын құюға
арналған құм және т.б. есебінен өндірісті локализациялауды тереңдету
мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Одан кейін "KIA-Qazaqstan" зауытының құрылыс
алаңына бардық. Ол жерде CKD өндірісін ұйымдастыру (локализацияның жоғары үлесі
бар шағын түйінді құрастыру) жоспарлануда.
Мұнда жаңа кәсіпорынның құрылысы басталды. Әзірге орталық
төбесі ғана жабылып, қабырға панельдері орнатылып, еден төселуде. Сену қиын
болғанымен, құрылыс басшылығы қыркүйек айында жабдықты орнату басталады деп
сендіруде.
Сондай-ақ, Allur компаниялар тобының локализация орталығы
мен автокөлік құрастыру зауытында болдық. Соңғы бір жылда мұнда жаңа цех пайда
болды. Бұрынғы жинақтау желілері жаңартылып,
жартылай автоматтандырылды. адам факторы барынша азайтылған. Бір
үлгідегі 15 мыңнан астам автокөліктің өндіріс көлеміне жеткеннен соң, толықтай
роботтанған өндіріске көшу мүмкіндігі де бар.
Кәсіпорын модельді қатарды кеңейтуде. Соның ішінде,
электромобильдердің SKD өндірісі арқылы.
Кешке қарай «Агромашхолдинг» АҚ еңбек ұжымымен де кездестік.
Бас директор және Мәжілістегі бұрынғы әріптесім Динара Шүкіжанова компания
жұмысындағы өзгеріс, қазақстандық қамтудың кеңеюі, жаңа өнім түрлерін игеру
туралы айтты. Атап айтқанда, бүгінде «Агромашхолдинг» өзінің ауылшаруашылық
техникасы мен қондырмаларын құрастырып қана қоймайды, сонымен қатар Claas және
John Deere сияқты басқа өндірушілердің жабдықтарын жөндеуге және оларға қызмет
көрсетуге арналған бөлшектер мен түйіндерді құрастырады.
Бірқатар түйткілді мәселені талқыладық. Мәселен, ауыл
шаруашылығы өндірушілерін техниканы жаңартуға субсидиялау, ӨДҚ несиелеуінің
жоғары мөлшерлемесі (9%), кадрларды даярлау және оқыту және т.б.
Қазақстанның астық орталығындағы егін егу науқанының
басталуы қарсаңында кәсіпорыннан комбайндар мен басқа да техникалар белсенді
түрде барлық өңірлерге жөнелтіліп жатыр. Бірақ субсидиялар дер кезінде берілсе,
фермерлер бұл ауыл шаруашылығы машиналарын алдын ала сатып алып, егін жинауға
дайындала алатын еді.
Алынған ақпаратты үкіметпен алдағы жұмыс үшін
пайдаланамыз.