4 шілде 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы
2025 жылы 4 шілдеде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты,
“Ақ жол” партиясының төраға орынбасары Қазыбек Иса Алматы қаласына іс-сапармен
келді. Ол “24/7 Алматы кітапханалары” жүйесіндегі 100 жылдай тарихы бар Чехов
кітапханасы ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Алматы кітапханалары жүйесі директорының орынбасары Лейла
Мұхтарқызы кітапханаға экскурсия жүргізіп, кітап қорымен таныстырды. Кітапхана
өз жұмысында қолданатын соңғы технологияларды көрсетті.
Алматы қаласының кітапханалары қазіргі заманауи үрдістерден хабардар болу
және өз келушілерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ақпараттық
технологияларды белсенді енгізуде. Кітапханада
қадірлі қонаққа оқырман билеті ашылды, яғни Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса
Алматы кітапханалардың 28 филиалына кіріп, қалаған кітапты таңдай алады.
Кітапты, журналдарды немесе басқа оқулықтарды онлайн және автоматтандырылған
түрде алады, берілетін уақыт мерзімі 2 апта. Сонымен қатар, Алматы
кітапханалары инклюзивті қоғамды дамыту үшін нақты қадам жасауда. Мүмкіндігі
шектеулі азаматтарға, мысалы, көз мәселесі барлар, арнайы жабдықталған орында
қызмет алады.
Чехов атындағы кітапхана қорымен танысу кезіңде кітапхана жетекшісі Айнұр
Мұратқызы ақын Қазыбек Исаның “Тәтті шөл” (2007 жыл) және “Қызыл жыңғыл” (2002
жыл) жыр кітаптарын сөреден тауып алып көрсетті. Кітапханадан өз кітаптарын
көрген ақын өзінің зор ризашылығын білдірді.
Алматыдағы 28 кітапхана қызметкерлерімен кездесуде Қазыбек Иса “Ақ жол”
парламенттік фракциясының Мәжілісте атқарған жұмыстары туралы мәлімет берді.
Алматы кітапханаларының жас маманы, 4-ші қалалық кітапхана жетекшісі Әлия Іңкәрбек Қазыбек Исаның ақындық өнерімен
таныс екенің айтты және ҚР Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың “100 кітап” бастамасын қолдау мақсатында қандай
кітаптарды ұсынатын сұрап білді. Мәжіліс депутатының айтуы бойынша айтылған
жобаға Рашид-диннің тарихи шығармаларын,
Абай мен Мағжанның жырларын, Бердібек Соқпақбаевтың “Менің атым-Қожасын”,
Төлеген Айбергенов, Дулат Исабеков, Төлен Әбдік, Тынымбай Нұрмағамбетов және тб
қаламгерлер шығармаларын оқуды ұсынды.
Әлия Іңкәрбек кітапхана маманы ғана емес, сонымен қатар ақын екендігін
көрсетті. Кездесуде жас ақын “Қазақ үні” газетіне шығу - әр ақынның арманы” деп, Қазыбек Исаның
“Бақыт жайлы жыр” атты өлеңінен үзінді
оқып берді.
Қазыбек Иса Әлия Іңкәрбекке “Онда сенің “Қазақ үні” газетіне шықсам деген арманыңды орындайық, өлеңдеріңді
жібер”-деп жас ақын қызды қуандырып қойды. Айтып қана қойған жоқ, сол күні түстен кейін Әлия Іңкәрбектің топтама жырлары
“Қазақ үні” ұлттық порталында: «...СЕН БИЫЛ БАСПАҒАН АҚ ҚАРДЫ...» атты
тақырыппен жарияланды.
Мекеменің тағы бір жас маманы Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер
кітапханасының жетекшісі Аян Темірбекұлы оқырмандардың санына тоқталды. Жамбыл
кітапханасының тұрақты келушілердің саны 3 мыңнан асады және жаңа кітаптармен
толықтырылуда екен.
Кездесу соңында Мәжіліс депутаты Чехов кітапханасына “Сырымды айттым
далаға” жыр кітабын сыйға тартты, осыған қоса Қазыбек Иса
Алматыдағы 28 кітапхана мен 24
автоматты кітапханалар жүйесіне, барлығы 52 кітапханаға
тағы 52 данасын сыйлайтын
болды. Өзінің “Кітапханада” атты өлеңін
оқып беріп, кітапхана қызметкерлерін ртза етті.
Сондай-ақ, Қазыбек Иса “Ақ жол” партиясының мәдениет пен руханиятқа қолдау
жасап келе жатқанын, өзінің кезінде кітапхана қызметкерлерінің жалақысын өсіру
бойынша үкіметке жазбаша депутаттық
сауал жолдағанын жеткізді. Әрдайым кітапханаларға қолдау көрсете беретінін білдірді.
Кітапхана қызметкерлері депутатпен ғана емес, ақынмен шығармашылық кеш
өткізгендей әсерлі кездесу болғанына қатты риза болып, алғыс айтты.
Депутат Қазыбек Исамен бірге “Ақ жол” партиясы Алматы қалалық филиалының
төраға орынбасары Арман Жұмаділ мен партия белсенділері еріп жүрді.




