05
Шілде

Қазыбек Иса FootLab спорттық зертхананың жұмысымен танысты

5 шілде 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы

5 шілде күні 2025 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, “Ақ жол” партиясының төраға орынбасары Қазыбек Иса Алматы қаласына іс-сапармен келіп, “Ақ жол” партиясының Алматы қалалық филиалының төраға орынбасары Арман Жұмаділмен бірге FootLab спорттық зертхананың жұмысымен танысты.

2024 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қатысуымен ашылған Footlab-бұл спорт, отбасылық демалыс және балалар мен ересектер арасындағы турнирлерді ұйымдастыруға арналған интерактивті футбол алаңы. Бұл жобаны танымал португалдық футболшылар Руй Коста мен Криштиану Роналду 7egend инновациялық компаниясымен бірлесіп жасаған. Спорттық зертхана әлемде Порто, Лиссабон, Дубай және Алматы қаласында ресми түрде ашылған.

ҚР Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Footlab үшін арнайы әзірленген меншікті бағдарламалық құрал жеке және командалық жаттығуларға арналған жабдықтарды тестілеп көрді. Мысалы, бір станцияда аяқ соққының күшін қарауға болса, келесі станцияда жүгіру жылдамдығын білуге болады. Сонымен қатар, командаларға және достар тобына толық спорттық талдау жасауға мүмкіндік беріледі және көше футболы, футбол, 5X5 футбол алаңдарын пайдалануға болады.

Спорт саласындағы “Ақ жол” партиясының депутаттық сауалдарын Қазыбек Иса толықтай мекеме қызметкерлеріне және басшысына түсіндірді. Әсіресе, Мәжіліс қабырғасында көтерген бір саулында депутат: “Футболға халықтың қыруар қаржысы қашанғы желге ұшады?!” ҚР туризм және спорт министіріне жолдаған сауалында депутат сәтсіз кейсті мысал қылып келтірді: бірнеше жыл бұрын Бразилияға футболдан оқуға 78 баланың бір де біреуі футбол ойнаған жоқ. Осыған қоса, Мәжіліс депутаты 30 жыл ішінде жұмсалған ақша футболшыларды не Олимпиадаға жеткізген жоқ, не инфрақұрылымды жарытқан жоқ.

Соңдықтан, “Осындай заманауи спорттық зертханалар жас футболшыларды әлемдік деңгейге шығаруға мүмкіндік беруге тиіс” - деп Қазыбек Иса өз ойынды білдірді.

FootLab жетекшісі Діңмухаммедтің де айтуы бойынша FootLab Academy-нің үлкен мақсаты жас спортсмендерді Лиссабон қаласына жіберу, өйткені үздіктер сол жерден әлемдік клубтарға тікелей шыға алады.

Кездесу соңында ҚР Мәжіліс депутаты FootLab жас ұжымына сәттілік пен ақ жол тіледі.