«Ақ жол» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі депутаты, қоғам қайраткері, ақын Иса Қазыбек Жарылқасынұлы мен белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Ислам Әбіш Сыр өңіріне іс-сапары жалғасып, Қызылорда қаласының сол жағалауында жаңадан бой көтерген «Қайсар Арена» стадионына барды.
«Қайсар Арена»
Қызылорда қаласының сол жағалауында орналасқан сыйымдылығы 11 мың адамға
арналған футбол стадионы. Құрылыс-жобасының
құны 26,5 млрд тенге.
«Қайсар» клубы өз алаңындағы ойындарын
өткізеді. УЕФА-ның IV категориясына сай салынған.
Стадионның
құрылысы 2023 жылы басталып, 2025 жылдың күзінде пайдалануға берілді.
2025
жылғы Қазақстан кубогының финалы 4-қазан күні осы стадионда өтіп, «Тобыл» және «Ордабасы» клубтары күш сынасты. Бұл стадион
тарихындағы тұңғыш ресми ойын саналды.
Стадионда
олимпиаданың 7 ойын түрлерінен залдар бар, УЕФА талабына сай келетін жаңа жасыл
алаңы заманауи жабынмен қапталған және заманауи жарықтандыру жүйелері
орнатылған.


Келесі
нысан - заманауи үлгіде бой көтеріп, пайдалануға берілген 300 орындық «Оқушылар
сарайымен» танысты.
Көп
функционалды кешенде техноорталық, робототехника және өнеркәсіптік дизайн
сыныптары бар. Сонымен қатар жеткіншектер экологиялық зертхана, жылыжай,
телестудия және шығармашылық үйірмелерінде білімдерін жетілдіру үстінде.

.jpeg)
Одан
соң үстел теннисі орталығына барды.
Орталықта
16 үстел теннисі орналасқан ойын алаңы, 350 көрерменге арналған орындар,
жаттығу залы мен әкімшілік бөлмелер бар.


Заманауи
үлгіде салынған облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен танысты. Мұражайда 250 мыңнан астам экспонатты
сақтауға мүмкіндік бар. Ата-бабамыздан
мирас болып қалған ұлттық құндылықтарымызбен бірге тарихи жәдігерлердіерекше
форматта ұсынатын сандық-мультимедиялық технологиялармен жабдықталған. Бұл
Қызылорда қаласының еліміздің Астанасы болғанына 100 жыл және облыстық музейдің
85 жылдығына арналған тарту болды.


Одан
соң Инклюзивті спорт орталығы жұмысымен танысып, спортшылармен кездесті.

.jpeg)
Келесі
нысан – «Қорқыт Ата» жаңа жолаушылар терминалы.
Терминал «Болат Өтемұратов қоры» Жеке қорының
демеушілігімен салынды. Жаңартылған «Қорқыт Ата» терминалы Халықаралық әуе
көлігі қауымдастығының (IATA) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының
(ICAO) жоғары стандарттарына сәйкес келеді.