29
Қыркүйек

Қажұмхан Қайырденов Риддер қаласының тұрғындарымен кездесті

29 қыркүйек 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан Риддер қалалық мәслихатының депутаты Қажұмхан Қайырденов қала тұрғындарымен кездесті.

Олармен бірге жылу желілерін жөндеу және тротуарларды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан орындарға барып, сапасын тексерді.

Партия өкілдері абаттандыру мен коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту жұмыстарын бақылау әрқашан басымдықта екенін атап өтті. Өйткені бұл – қала тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігіне тікелей қатысты мәселе.