25
Қараша

«Ақжол»: Құрылыста қауіпсіздік талаптарын сақтамау - тұрғындардың өміріне қауіп төндіреді - Казак yнi (Алматы)

Қолжетімді тұрғын үйдің құрылысы кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу - осы тұрғын-үйлерді мекендейтін болашақ тұрғындардың өміріне қауіп төндіреді. Бұл туралы жақында Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Екатерина Никитинская мәлімдеді.
«Қазіргі таңда республика көлемінде «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қолжетімді тұрғын үй бағдарламасы ауқымды істерді жүзеге асырып жатыр. Тұрғын үй және өнеркәсіптік ғимараттардың құрылысы мен оны пайдалану үшін құрылысшыларға материалдық және энергиялық шығындарды оңтайландыру бойынша қатаң талаптар қояды. Материалдардың пайдалану сапасы жоғары болуы керек: жылу өткізгіштігі төмен, ұзақ мерзімдік, беріктігі жоғары, отқа төзімді және барлық санитарлық-гигиеналық талаптар мен нормативтерге сәйкес келуі керек», - делінген Премьер-министр К.Мәсімовтің атына «Ақ жол» партиясы фракциясының депутаттық сауалында. - Ондай материалдардың қатарына заманауи автоклавты газды бетон жатады. Газды бетонның құрамына тек экологиялық таза табиғи қоспалар кіреді. Өзінің экологиялық сипаттамалары бойынша газобетон тек ағаштан төмен, бірақ өзінің басқа көрсеткіштері бойынша ағаштан әлдеқайда артық. Дәрігерлер оны залалсыз құрылыс материалы деп санайды».
Газды бетонның жеңіл салмағы оның аса беріктігімен салыстырғанда ғимаратқа түсетін жүктемені азайтады. Отқа төзімділігі жоғары болуы сейсмикалық қауіпті аймақ - Қазақстан аумағында оны пайдаланудың қосымша артықшылығы болып табылады.
Алайда, сауалда көрсетілгендей құрылыс барысында автоклавты газды бетон көбіне пенополистирольді панельдерге алмастырылады. Мысал ретінде, Алматы қаласында салынып жатқан «Асыл Арман» тұрғын үй кешені (бірінші кезек — 2400 пәтер, екінші - 2800 пәтер) келтірілген. Жоспарланған автоклавты газды бетонды қолдану құрылыс барысында құрылыс пен экология саласында барлық нормаларды бұза отырып пенополистирольді панельдерге алмастырылған.
«Осындай үйлердің құрылысы болашақ тұрғындардың денсаулығы үшін орны толмас салдарларға алып келеді», - деп атап өтті Е. Никитинская.
Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Гусевтің және оның әріптестерінің зерттеулерін пайдалану кезінде пенополистирольдін 10-15%-на дейін бұзылатыны анықталған, бұл ретте бұзылған бөлік - 65% стироль, ол адамның бауырында жиналып, басқа зиянды заттармен қоса алғанда улағыш гепатитті тудыруы кәдік. Стирольдің микродозаларынан жүрек зардап шегеді, әйелдер ағзасында ерекше проблемалар тудырады».
Сауалда тағы да басқа назар аударарлық мәліметтер келтірілген. БАМ-да пенопостирольмен жылытылған жылжымалы үйшіктерде өмір сүрген жас әйелдер көпшілігі бала туу қабілетін жоғалтқан. Белоруссияда осыған ұқсас жылытуы үйлерде 14 жасқа дейінгі бал әдеттегі үйлерге қарағанда алты есе жиі ауырады.
«Оның үстіне, өрт болғанда пенополистироль еріп, жам полистирольдің жану кезінде уыттылығы жоғары және түтінді қоюлату қабілетіне ие. Жанып жатқан пенополистирол: температурасы 1100 градусқа жетеді, бұл қуатты металл конструкцияларының да қирауына алып келеді. Дәл осы қасиеттеріне байланысты полистироль напалмды бомбаларда, оның ішінде қарсыласынын брондалған техникасын жою үшін, негізгі компонент ретінде қолданылады», - деп атап өтті сауалда.
Пенополистирольлді пайдалану тұрғындар денсаулығына қатер төндіретінін және көптеген елдерде тиым салынғанын есепке ала отырып, «Ақ жол» фракциясының депутаттары қолжетімді тұрғын үй құрылысының сапасын белгіленген талаптарға сай сақтау мәселелері бойынша тексеру жүргізуді талап етті.
 
Дерекнама - Казак yнi (Алматы), № 46 (654), 18.11.2014