17 қараша 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиал
17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай Қазақстан инновациялық және
телекоммуникациялық жүйелер университетінің белсенді студенттері «AQ JOL»
Қазақстанның демократиялық партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы
С. Мерғалиевтің атынан алғыс хатпен марапатталып, арнайы сый табысталды.
Салтанатты жиынға партия филиалы жастар қанатының төрағасы С. Жарасов
қатысып, университеттің 1-курс студенттерін қабылдау рәсімінің құрметті қонағы
болды.
Іс-шара барысында Саясат Садуақасұлы студент жастардың білімге деген
құлшынысы, қоғамдық белсенділігі және азаматтық позициясы өңір дамуының маңызды
бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Партия тарапынан жастардың шығармашылық әлеуетін, көшбасшылық қабілетін
және бастамаларын қолдау жалғаса беретіні айтылды. Іс-шара студенттердің
талантын танытып, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына ынталандыруды
мақсат етті.
Жастар – ел ертеңінің тірегі. Сондықтан олардың білім жолындағы
жетістіктерін қолдап, азаматтық жауапкершілігін арттыру – ортақ міндет.



