18 қараша 2025 жыл, Абай облыстық филиал
«Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының мүшесі,
Жанасемей аудандық мәслихатының төрағасы Абильмажинов Ермек Төлегенұлы аудан
әкімі Әбдікәрімов Нұржан Оразбекұлымен бірге Ақбұлақ, Абыралы және Көкентау
ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Сапар барысында білім беру саласындағы табанды еңбегі мен жас ұрпақ
тәрбиесіне қосқан зор үлесі үшін
Абыралы ауылы мектебінің ұстазы Гүлмира Тоқтарғазықызына
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі салтанатты түрде табыс
етілді.
Гүлмира Тоқтарғазықызының көп жылғы адал еңбегі, шәкірт тәрбиесіндегі
жауапкершілігі – барша қауымға үлгі.
Өз ісіне шынайы берілген осындай ұстаздарымыздың еңбегі әрдайым құрметке
лайық.
Ақ жол – адал еңбекті қолдайды!
