Алматы сапары аясында «Ақ жол» ҚДП филиалының төрағасы Олжас Нұралдиновпен, қалалық мәслихаттағы фракциямыздың жетекшісі Көпесбай Жампеисовпен, депутаттар Асқар Бисқұлтанов және Юрий Шинмен бірге қаладағы тәртіпті қалпына келтіруге қатысқан десант-шабуылдау бригадасы орналасқан жерде болып қайттық.
Десант-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев әкімдік қорғанысының мән-жайын және әріптесі, десант-шабуылдау бригадасы командирінің орынбасары, подполковник Сәндібек Хаировтың қазасы туралы; сондай-ақ бөлімше қызметкерлері жүргізген өртке оранған ғимараттан қарусыз жас курсанттарды құтқару операциясы туралы айтып берді.
Сондай-ақ, М.Көшекбаев автомат оқтарынан зақымданған, брондалған терезі сынып, ойықтың бірінде 7,62 мм оқтың бөлігі тұрып қалған техниканы көрсетті. Мұндай атысты қарапайым наразылық білдірушілер ұйымдастыруы мүмкін емес еді, бұл 100% әскери операцияларға дайындалған, өлтіруге дағдыланған қаскөйлердің ісі.
ДШӘ командиріне және жеке құрамға антына адалдығы және Республиканың конституциялық құрылысын қорғағаны үшін алғыс білдірдім.
Шабуыл жасалып, тоналған бизнес нысандарында болдық. «Азия Парк» сауда орталығының басқарушы директоры Арман Смағұлов
оқиғалардың хронологиясы мен келтірілген залал туралы, сауда орталығын тонаушылардан қорғамақ болған көрші үйлердің тұрғындары туралы айтты. Компания іскерлік белсенділікті мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіруге тырысуда, алайда ғимараттың инфрақұрылымы (электр кабельдері, су құбыры) зақымданған, бұл жөндеу жұмыстарын қиындатып отыр.
Осыған байланысты жалға алушыларды қолдау шаралары қарастырылуда. Кәсіпкерлердің сақтандыру компанияларымен өзара әрекеттесу және мемлекеттік қолдау алу туралы сұрақтары бар, ал кәсіпкерлер оларды мүмкіндігінше тезірек шешуге үміттенеді. Олар бізден көмек сұрады, өйткені күн сайын олардың шығыны артуда.
ШОБ өкілдерімен кездесуден кейін Республика алаңы мен әкімдіктің өртенген ғимараттарын, телестудиялар мен тұрғын үйлерді аралап көрдік. Әкімдік қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Сол күндері мұнда не болғанын елестету мүмкін емес. Бірақ, неге мүмкін емес - әлеуметтік желілер өртеніп жатқан ғимараттарға жасалған шабуыл, жарылыстар мен айғайлаған адамдарға толы. Бірақ қарсы үйдің тұрғыны айтқандай, «интернет бұл сұмдықтың мыңнан бір бөлігін де жеткізе алмайды».
Орталық мұражайда ұжыммен және директордың міндетін атқарушы Бибігүл Дандығараевамен кездестік.
Бұл нәзік жандылар ашуланған бүлікшілердің бірегей мұражай қорына зақым келтіруіне жол бермеді, сонымен қатар ондаған жас курсанттарды мұражайда паналатып, өлімнен құтқарды. Бұл ерлік қоғамның алғысына да, мемлекеттік наградаға да лайық екеніне сенімдімін. Кім екенімізді, қайдан шыққанымызды білмесек - мәңгүрт боп, Елімізді де, Жерімізді де ұмыту оп-оңай - дейді Бибігүл.
Мен онымен толық келісемін және ризашылығымызды білдірдім.
Қалалық филиал кеңесінің отырысын өткіздік. Біз белсенділеріміз бен мәслихат депутаттарының алдағы әрекеттерін талқыладық. Депутаттар хабарлағандай, бүгінде партия кәсіпкерлері жалғызбасты зейнеткерлерге, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға ең қажетті өнімдермен (азық-түлік, дәрі-дәрмек және т.б.) қамтуда көмек көрсетуде; бақылау-өткізу пункттері үшін тамақ ұйымдастыратын ҮЕҰ-мен өзара әрекеттесуде.
Бұл ретте жүздеген кәсіпкерлердің өздері көмекке зәру, сондықтан филиал РКП-мен байланыста, кейбір мәселелерді Үкімет деңгейінде көтеруге тура келуі мүмкін. Қолдау көрсетуге уәде беріп, осындай өтініштерді дайындауды тапсырдым. Оқиға кезінде туыстары ұсталған, бірақ зорлық-зомбылық пен өрт қоюға қатыспаған азаматтардың өтініштері бойынша прокуратураға өтініштер дайындалуда.
Тәртіпсіздіктер тоқтатылды, енді мемлекетті нығайту міндеті тұр, ол үшін қоғамды біріктіру, азаматтарымыздың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету қажет.