14
Қазан

Ақжолдықтар Ақсай ауылдық округінің Шабыт ықшам ауданына тұрғындарымен кездесті

14 қазан 2025 жыл, Алматы облыстық филиалы

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Ақсай ауылдық округінің Шабыт ықшам ауданына тұрғындардан облыстық “Ақ жол” демпартиясы филиалына түскен хат аясында, ауылға кездесуге Алматы облысы “Ақ жол” демпартиясынын филиал басшысы Шынасылова.М және Іле ауданы Қоғамдық кенесінің мүшесі, “Ақ жол” партиясының облыстағы белсенді мүшесі Бармашиков.Д барды. Кездесу кезінде осы ауылдың 2008 жылдары әкімнің шешімімен алған үйлеріне әлі күнге дейін құжат ала алмай отырғандықтары жайлы әңгіме қозғалды. Сол жылдары аудан әкімінің өтінішімен аудандағы үлкен мердігер компания өз қаражатына 10 жағдайы төмен отбасына тұрғын үй салып берген. Бірақ мердігер компанияның басшысы сол жылдары істі болып сотталып кеткен. Ауылдық әкімшілікке барып, әкімшіліктің заңгерімен кездесіп мән жайды талқыладық. Заңгер өз тарапынан құжаттарды сотқа бергені туралы айтып кетті. Осы мәселе бойынша қазір аудан әкімшілігіне “Ақ жол” демпартиясы филиалының тарапынан хат жазылатыны айтылды.