1 мамыр 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы
2025 жылдың 1 мамырда «Ақ жол» партиясы Алматы қалалық филиалының
белсенділері М.Ганди атындағы саябақта Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған
мерекелік шараға қатысты.
Халықтық мерекелерде этномәдени бірлестіктер ұлттық тағамдарын, киімдерін,
қолөнер бұйымдарын ұсынды.
Алматы қалалық мәслихатының депутаты Асқар Бисқұлтанов «Нават» шайханасында
«Ақ жол» партиясы Алматы қалалық филиалының түрлі этнос өкілдерін мерекелік
дастарханмен құттықтады.
Айта кетерлігі, «Нават» шайханасы қарттарға, зейнеткерлерге және ҰОС
ардагерлеріне қайырымдылық дастархандарымен үнемі қолдау көрсетеді. Осыған орай
«Ақ жол» демпартиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Олжас Нұралдинов
Абылайхан даңғылы, 58-де орналасқан Алматы қаласындағы «Нават» шайханасы
филиалының әкімшілігіне Алғыс хат табыс етті.
Құрметті, Ақжолдастар!
Алматы қалалық филиалы Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен
құттықтайды, отбасыларыңызға тыныштық пен келісім тілейміз.