14
Қараша

Ақжолдықтар Яссы секторында тұрғындармен кездесу өткізіп, көшпелі қабылдау ұйымдастырды

14 қараша 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қалалық мәслихат депутаттары және «Ақ жол» партиясының өкілі, қалалық мәслихат депутаты Ардақ Мансұров Яссы секторында тұрғындармен кездесу өткізіп, көшпелі қабылдау ұйымдастырды.

Ашық форматтағы жүздесуде тұрғындар өз мәселелерін еркін айтып, инфрақұрылым, абаттандыру, әлеуметтік қолдау және жер қатынастарына қатысты сұрақтарын жеткізді. Әрбір ұсыныс пен өтініш назарға алынып, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Кездесу соңында қала басшысы мен депутаттар азаматтарды жеке қабылдап, барлық өтініштерді мұқият қарап, шешу жолдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мұндай көшпелі қабылдаулар – халықтың мұң-мұқтажын тікелей тыңдап, мәселелерді жедел әрі ашық түрде шешуге мүмкіндік беретін тиімді диалог алаңы.