9 мамыр 2025 жыл, Жетісу облыстық филиалы
Бүгін Жетісу облыстық «Ақ жол» демократиялық партиясының филиал төрағасы,
облыстық мәслихат депутаты Ермек Егінбаевпен мәслихат депутаты Қайыр Қажы
бастаған партия белсенділері Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай «Мәңгілік
алау» ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қойып, батырлар рухына тағзым етті.
Бұл күн — батыр бабаларымыздың жанқияр ерлігін еске алып, олардың аманатын
бағалап, бейбітшілік пен тәуелсіздікті қадірлеуге үндейтін ерекше мереке. Біз
соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін әрдайым құрметтеп, оларға шексіз алғыс
білдіреміз.
«Ақ жол» партиясының Жетісу облыстық филиалы барлық ардагерлерге зор
денсаулық, амандық, ұзақ ғұмыр тілейді! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, халқымыз
береке бірлікте болсын!
