21 тамыз 2025 жыл, Павлодар облыстық филиалы
“Ақ жол” Қазақстан демократиялық партиясының Павлодар облыстық филиалының
делегациясы құрамында филиал төрағасының орынбасары Дмитрий Корепанов,
кәсіпкерлер, партия мүшелері Винс Николай, Әнуар Мұхамбетов Ресей
Федерациясының Омбы қаласындағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының “ШЫҰ
Бизнес-инкубаторы” халықаралық жастар акселерациялық бағдарламасы Жастар
форумының жұмысына қатысады. Форум аясында салтанатты ашылу, пікірталас алаңдарына
қатысу, ШЫҰ-ға қатысушы елдердің кәсіпкерлерімен В2В кездесулері өтті.
“Ақ жол” ҚДП мүшелері Қытай - ШЫҰ
сауда-экономикалық институтының өнеркәсіп пен білім беруді интеграциялау
орталығының директоры, “ШЫҰ Бизнес-инкубаторы”халықаралық жастар акселерациялық
бағдарламасының қытай тарапының Бас хатшысы Ван Дун-мен Павлодар облысындағы
инвестициялық жобалар бойынша одан әрі өзара іс-қимыл туралы келіссөздер
жүргізді. Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Ираннан келген әріптестермен бизнес
бойынша ынтымақтастықты талқылады.






