13
Қараша

Ақжолдықтар Жезқазған қаласында ерекше рухани маңызы бар «Өзбекәлі» спектаклінде болды

13 қараша 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы

Ұлытау облысы бойынша ҚДП «Ақ жол» партиясының облыстық мәслихат депутаты Бекзат Дайрабайұлы, Жаңаарқа ауданының үйлестірушісі Батырхан Оспанов пен партия мүшесі Мархат Хамиттің қолдауымен Жезқазған қаласында ерекше рухани маңызы бар «Өзбекәлі» спектаклі сәтті түрде өтті.

Бұл қойылым — ұлттық өнер мен руханиятты ұлықтаудың айғағы. «Талант продакшн» театрының жас әртістері сахна төрінде ұлт рухының символына айналған Өзбекәлі Жәнібековтың тұлғалық бейнесін ерекше шабытпен сомдап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

🔹 Бұған дейін Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында табысты қойылған спектакль, енді Ұлытау жұртшылығына да ерекше әсер сыйлады.

Жезқазған қаласындағы С.Қожамқұлов атындағы театрда өткен қойылымда зал лық толып, қосымша орындықтар қойылды — бұл елдің рухани жаңғыруға деген зор қызығушылығының дәлелі болды.

«Ақ жол» партиясы мүшелері Бекзат Дайрабайұлы, Батырхан Оспанов және Мархат Хамит ұлттық мәдениетті қолдауда белсенділік танытып, театр ұжымына барлық қажетті қолдауды көрсетті. Қонақтарды қазақи дәстүрмен қарсы алып, қойылымның жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.

🔹 Қойылым соңында ҚР Халық әртісі Д. Жанботаев өнер ұжымына жоғары баға беріп, ақсақал Бекболат мырза ақ батасын берді. Көрермендер ұзақ уақыт қол шапалақтап, өз ризашылықтарын білдірді.

Бұл оқиға — «Ақ жол» партиясының мәдениет пен өнерді, жас буын шығармашылығын қолдауға бағытталған ұстанымының жарқын көрінісі. Өнер арқылы ұлт рухын көтеру – біздің ортақ парызымыз!