22 маусым, 2022 жыл. «Ақ жол» партиясының Қызылорда облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Дмитрий Васильев пен «Ақ жол»
партиясы Ұлттық кеңесінің хатшысы Болат Момышев Қызылорда облысына жұмыс
сапарымен барды.
Сапар барысында аймақтағы Махамбет ауылындағы «KazAgroMir»
ЖШС қарасты жылыжай кешенінің жұмысымен танысты. Жылыжай кешенінің басшысы Ғани
Алматов ауыл тұрғындарын көкөніспен қамтып отырғанын айтты.
«Ақжолдықтар» одан әрі «DALATEX» тігін фабрикасына барып,
жұмыс барысын көрді. 60-қа жуық адамды жұмыспен қамтып отырған тігін фабрикасы
2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Өндіріс ошағында айына 10 мыңнан астам
жейде тігіледі.
Келесі күні Дмитрий Васильев пен Болат Момышев Қызылорда облыстық
филиалында тұрғындарға партияның жұмысы жөнінде түсіндіріп, 21 азаматты партия
қатарына қабылдады.