Барлық қазақстандық кәсіпкерлер үшін жағымды жаңалық -
Мәжілісте Қылмыстық кодекске "жалған кәсіпкерлік" туралы бапты
қайтару ұсыныс шектелді. Бизнестің қайтадан соңына түсу жөніндегі ұсынысты
жұмыс тобында "Аманаттың" депутаты Әділ Жұбанов жасады.
Онымен байланысты фирма биыл құрылыс бойынша 30
миллиардқа тең мемлекеттік тапсырысты алған. Депутат-коммерсанттың бизнеске
қарсы шығуының себебі түсініксіз. Бәлкім, мүдделі біреу сұраған болар.
Ұзақ жылдар бойы осы жалған кәсіпкерлікпен бизнесмендерді
қорқытып келді. Ол кезде барлығы қысқаша "финпол" аталатын Салық
полициясынан (кейіннен - Қаржы полициясы) қорқатын.
Кез-келген кәсіпкерді темір торға тоғытып салуға болатын
еді, "Жалған кәсіпкерлік" бабы анық жазылмаған - салық
есептілігіндегі қателіктер, күмәнді тауар жеткізушілермен серіктестік, және
тағы басқаларының бәрін "қылмыс" деп таныла беретін.
Бұл әділетсіздікпен тек "Ақ жол"партиясының
депутаттары ғана күресіп келді. 2012 жылдан бастап 2017 жылға дейін олар ойдан
құрастырылған негіздер бойынша бизнесті қудалауды доғаруды талап етіп Мәжілісте
кемінде 20 сауал жасады.
Нәтижесінде 2017 жылы аталмыш жазалау бабы жойылды. Бұл
бизнес ортада қылмыстың күрт артуына еш алып келмеді. Керісінше, жыл сайын
бюджетке түсімдер артып келеді, бизнес таза жұмыс істеуді қалайды, бұл әсіресе,
бөлшек сауда салығын енгізгеннен кейін анық байқалды.
Ал, мәжіліс депутаты Жұбанов ескінің сарқыншағы арқылы
кәсіпкерлерді қайтадан бақылау керек деп санапты.
Алайда, бұл ұсынысқа заңға енгізілетін түзетулер
талқыланатын жұмыс тобының өзінде-ақ шектеу қойылды.
Тағы да "Ақ жол" бизнестің мүддесін қорғап
қалды. Фракция жетекшісі Азат Перуашевтың өзі отырыста сөз сөйлеп, Қылмыстық
кодекстен "жалған кәсіпкерлік" туралы баптың неге алынғанын және оны
не себепті қайтаруға болмайтынын түсіндіріп берді.
Сіздер де тыңдап көріңіздер.