«Ақ жол» партиясы Республикалық сайлауалды штабының үгіт-насихат жұмыстары Атырау қаласындағы «Sultan Palace» кешенінде жалғасып жатыр.
Партия төрағасы Дания Еспаева мен штаб мүшелері отандық кәсіпкерлермен және банк секторының мамандарымен арнайы жүздесіп, саладағы өзекті мәселелерді талқылады.
Басқосу барысында отандық өнімді қолдау, қазақстандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ішкі нарықтың импортқа тәуелділігін барынша азайту мәселелері кеңінен сөз болды. Сондай-ақ қатысушылар бизнесті қаржыландыру, ипотекалық несие шарттары, қаражаттың қолжетімдігі мен банктер мен кәсіпкерлер арасындағы өзара тиімді ықпалдастықты дамыту жайын қозғады.
Еркін диалог алаңында кәсіпкерлер ұсыныстарын ортаға салып, бизнесті өркендету жолындағы түйткілді мәселелерді ашық көтерді.
Өз кезегінде партия төрағасы Дания Еспаева отандық кәсіпкерлікті қорғау мен ұлттық өндірісті қолдау «Ақ жолдың» сайлауалды бағдарламасындағы ең басым бағыттардың бірі екенін қадап айтты.
Ашық пікір алмасу форматында өткен нәтижелі жиын соңында қатысушылар «Ақ жол» партиясының саяси бағдарламасымен жақынырақ танысып, ұсынылған бастамаларға оң баға берді. Бизнес пен банк секторының өкілдері алдағы сайлауда партияны толықтай қолдайтынын әрі өз дауыстарын «Ақ жолға» беретінін мәлімдеді.
.jpeg)


.jpeg)
.jpeg)