07
Қараша

Білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобының отырысы өтті

7 қараша 2025 жыл, Маңғыстау облыстық филиалы

2025 жылғы 7 қарашасында Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Айбаршын Қуанышқалиевна білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобының мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесуге “Ақ жол” партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғазиза Бақтиярқызы қатысты.

Жиын барысында білім беру ұйымдарында оқушыларды тамақтандырудың жаңа стандарты, мектеп асханаларындағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы және мониторинг жұмыстарының тиімді жүргізілуі бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Комиссия мүшелеріне әдістемелік нұсқаулар беріліп, алдағы атқарылар жұмыстар нақты жоспарланды.

Мақсат – балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сапалы және теңгерімді тамақпен қамту.