24
Маусым

БҚО – Аутизм спектріндегі бұзылысы бар балалардың мәселелері “AQ JOL” партиясының назарында

24 маусым 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Бүгін “AQ JOL” Қазақстан Демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалында РАС (аутизм спектріндегі бұзылыстар) диагнозы бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналармен азаматтарды қабылдау өтті.

Ата-аналар бірнеше өзекті мәселені көтерді:

Мемлекеттік оңалту орталықтарында орын тапшылығы;

Кезектің тым ұзақ болуы, ал жекеменшік орталықтардың қолжетімсіздігі;

Ауылдық жерлерде білікті мамандар мен арнайы мекемелердің болмауы;

Мұндай жағдайлар ерекше күтімді қажет ететін балалардың сапалы көмек алуына елеулі кедергі келтіріп отыр.

БҚОФ ДПК “AQ JOL” барлық өтініштерді тіркеп, уәкілетті органдармен бірлесе отырып нақты жұмысқа кірісті.

Алдағы уақытта осы түйткілдерді жан-жақты талқылау үшін арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырылмақ. Онда ата-аналармен бірге нақты шешу жолдары қарастырылады.

“AQ JOL” партиясы ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға бағытталған бастамаларды әрдайым қолдайды және ата-аналардың даусын жеткізуге әзір.