27
Қараша

«Бірге! Бір толқында!» облыстық жастар форумы

27 қараша 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Абай облысында өткен «Бірге! Бір толқында!» облыстық жастар форумына Абай облыстық «Ақ жол» ДП филиалының Жастар кеңесінің төрайымы Бинұр Ахатқызы арнайы қонақ ретінде қатысты.

Бұл шақыру — соңғы жылдары жүзеге асқан бірлескен жобалардың, ортақ бастамалардың және жастар саясатын дамыту жолындағы тығыз әріптестіктің айқын нәтижесі. «Ақ жол» жастары облыстық деңгейдегі шараларға белсенді қатысып, түрлі бағыттағы жобаларда өз үлесін қосып келеді.

Форум барысында Бинұр Ахатқызы алдағы жоспарларымен бөлісіп, жаңа жобалар, серіктестік бағыттары және жастар әлеуетін арттыруға бағытталған бастамалар туралы айтты. Сонымен қатар өңір жастарына сәттілік тілеп, белсенділік пен табандылықтың маңызын атап өтті.

Жастармен бір толқында жұмыс істеу — басты мақсат. Алдағы уақытта да облыс деңгейіндегі жобаларда «Ақ жол» жастары өз белсенділігін жалғастырады.