13
Маусым

Чингиз Шашкин “Парасат” орденімен марапатталды

13 маусым 2025 жыл Алматы қалалық филиалы

“Ақ жол” партиясының Алматы қалалық филиалының Кеңес мүшесі, Паркинсон ауруына ашық миға ота жүргізген алғаш нейрохирург, медицина ғылымының кандидаты Шашкин Чингиз Сақайулы Астана қаласында “Ақ Ордада” ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен медицина саласына зор үлес қосқаны үшін “Парасат” орденіне ие болды.

Айта кетейік, Чингиз Шашкин партиямыздың белсенді мүшесі. Соңғы өткен сайлауда партиялық тізіммен Алматы қалалық Мәслихатқа үміткер болған.

Сондай-ақ, Чингиз Сакайұлы 2011 жылы ҚР деңсаулық сақтау министірлігінің «Деңсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медальмен және “Ақ жол” партиясының “Қазақ хандығына 550 жыл” арнайы төсбелгімен мараппатталған.

2019 жылдан бастап “Shashkin Clinic” заманауи медициналық клиникасының басшысы болып келеді. Медициналық мекемедегі 20дан астам кәсіби мамаңдар клиника ашылғалы 200ден аса сәтті ота жүргізді және 2000 адам емдеді.

Құрметті, Чингиз Сакайұлы Алматы қалалық филиалының ұжымы Сізді лайықты мараппаттаумен шың жүректен құттықтайды, маңсабыңызға сәттілік және ақ жол тілейміз.