09
Қантар

**Дания Еспаева «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағының қызметімен танысты**

Бүгін Мәжіліс төрағасының орынбасары, «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Дания Еспаева «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағының қызметімен танысты.

 

Сапар барысында вице-спикер арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымдық мүмкіндіктері, іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар және алдағы даму жоспарлары жөнінде ақпарат алды. АЭА аумағында инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау, өндірістік алаңдарды инженерлік желілермен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу кезінде қатысушылар өңірге инвестиция тарту, отандық және шетелдік инвесторларды қолдау тетіктері, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың ел экономикасына қосып отырған үлесі жөнінде пікір алмасты. Дания Еспаева «Ақтөбе» АЭА-ның өңірдің индустриялық әлеуетін арттырудағы маңызын атап өтіп, мұндай алаңдардың экономиканы әртараптандыруда маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

Сапар қорытындысында арнайы экономикалық аймақтың тиімді жұмысын қамтамасыз ету және оны одан әрі дамыту бағытындағы ұсыныстар талқыланды.