6 қаңтар 2026 жылы «Ақ жол» ҚДП-сының Ақтөбе облыстық филиалы кеңсесінде Дәния Еспаева қоғамдық қабылдау жүргізді.
Кездесу барысында Ақтөбе қаласының тұрғындары транзиттік көліктерді қайта тіркеу және мемлекеттік алғашқы тіркеу алымдарының жоғары екенін атап өтті. Олар бұл алымдардың тікелей салық емес, жанама салық болып табылатынын айтты. Сонымен қатар, бұл жағдай азаматтардың қаржылық жүктемесін арттыратынын, автопарктің ескіруіне және отандық автосала мен халықаралық бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіретінін жеткізді.

Сонымен қатар, Ембі қаласының тұрғыны қаланы екіге бөлетін жалғыз теміржол өткелінің жиі жабылатынын көтерді. Бұл өткел арқылы қала тұрғындары мен айналасындағы ауылдардың 35 мыңнан астам адам қатынайды, сонымен қатар жедел жәрдем, полиция және өрт сөндіру қызметтері де тәуелді. Ол теміржолдың жиі жабылуы төтенше жағдайларда қызметтердің уақытылы жетуіне кедергі келтіретінін атап өтті. Халық бұл мәселені шешу үшін көпір салуды сұрап отыр.
Онымен қоса,
Ембі қаласының тұрғыны Жем өзенінен өтетін көпір құрылысының басталып, кейін
тоқтап қалғанын айтты. Ол бұл мәселені шешуге Дәния Еспаеваның көмегін сұрады.