10
Қараша

«Дендросаябақта» күзгі ағаш отырғызылды

10 қараша 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы

Түркістан қаласында экологиялық мәдениетті арттыру және қаланы көгалдандыру мақсатында өткен күзгі сенбілікте қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындармен бірге ағаш отырғызды.

Акцияға «Ақ жол» партиясының өкілі, қалалық мәслихат депутаты Ардақ Мансұров, зиялы қауым өкілдері, ерікті жастар және белсенді тұрғындар да атсалысты.

Осындай бастамалар Түркістанның жасыл қалаға айналуына және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға үлкен үлес қосып келеді.

Жыл басынан бері қалада 30 экологиялық сенбілік өтіп, 134 250 түп ағаш отырғызылды. Қаладағы жалпы ағаш саны қазір 1 460 000-нан асты!