Менің сұрағым Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкіліне арналады. Жұмыс топтарының қарауы аясында мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор жүзеге асыратын цифрлық верификацияға қатысты нормалар енгізілді. Цифрлық верификация — бұл қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізудің міндетті кезеңдерінің бірі. Министрліктің мәлімдеуінше, бұл процесс толықтай автоматтандырылған және адами факторды қажет етпейді. Бүгінгі таңда верификацияның тиімділігі іс жүзінде қаншалықты нәтиже көрсетті? Сондай-ақ верификацияның жұмыс істеу принципін тарқатып айтып берсеңіз?