19
Қыркүйек

Депутат Ержан Бейсенбаев Жетісудағы іс-сапарында АЭС салуды қолдау бойынша кездесу өткізді

19 қыркүйек 2024 жыл, Жетісу облыстық филиалы

Ержан Бейсенбаев Жетісу облысына іс-сапарға келді. Іс-сапарда Жетісу өңіріндегі  АЭС құрылысын қолдау жөніндегі халықтық штабтың мүшелерімен бірге «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және бизнес өкілдерімен кездесіп, өзекті аспектілеріне тоқталып кетті. Атом энергетикасы және оның Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігінің дамытудағы рөлі туралы айта кетті.

Атом электр станцияларын енгізу – бұл болашаққа жасалған қадам. Бұл зиянды шығарындыларды азайтуға және қазба энергия көздеріне тәуелділікті азайтуға көмектеседі. Ол атом энергиясы сәтті пайдаланылып жатқан елдерге мысалдар келтіріп, оны күн және жел электр станциялары сияқты балама көздермен салыстырды.

Технология мен жылдам өзгерістер дәуірінде, дұрыс ақпарат алу маңызды.

Жиын соңында Ержан Бейсенбаев барлық қатысушыларды белсенді азаматтық позиция ұстануға және ағымдағы жылдың 6 қазанында өтетін АЭС құрылысы бойынша республикалық референдумға қатысуға шақырды.