(Мәжілістің пленарлық отырысында Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын талқылау барысында жасалды)
Әріптестеріміз
бастамашы болған қаралып отырған заң жобасы өзекті және соның аясындағы
өзгерістер баршаға түсінікті.
Алайда
менің сұрағым Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің өкілдеріне
арналады.
Жаңа
Салық кодексі биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Былтыр
оны қабылдау кезінде Сіздер сол жылдың күзінде, соның ішінде салықтық
әкімшілендіру мәселелері бойынша да өзгерістер енгізілетінін жоспарлаған
едіңіздер. Бірақ Үкімет уәде еткен заң жобасы әлі күнге дейін Мәжіліске
енгізілген жоқ.
Биылғы
жылдың басында Салық кодексін енгізу жөніндегі Жобалық офис құрылды.
Салалық
қауымдастықтардың өкілдері, салық төлеушілердің мүддесін қорғап жүрген
сарапшылар және біз — депутаттар, енгізу тәжірибесін ескере отырып, бұл Кодекс
ағымдағы сессияның соңына дейін жетілдіріледі деп күткен едік.
Одан
бөлек, Мемлекет басшысының Президенттің өзі «қасиетті кітап емес» деп атаған
Салық кодексін жетілдіру жөніндегі жобалық офис құру туралы тапсырмасынан бері
«Ақ жол» фракциясы бизнес өкілдерінің ұсыныстарын жинау бойынша жүйелі жұмыс
жүргізіп келеді.
Кеше
біз Салық кодексін жетілдіру жөніндегі жобалық офиске төртінші рет ұсыныстар
жолдадық. Олар Шымкент, Қарағанды, Семей қалаларындағы кәсіпкерлермен
кездесулердің қорытындысы негізінде әзірленді. Алдағы сенбі күні дәл осындай
кездесу Орал қаласында жоспарланған.
Алайда
осы уақытқа дейін жобалық офис «Ақ жол» фракциясының бірде-бір ұсынысын
қарастырған жоқ.
Осыған
байланысты екі мемлекеттік органның өкілдерінен бүгінгі таңда Салық
кодексіндегі негізгі новеллаларды енгізу қорытындылары қандай екенін білгіміз
келеді. Атап айтқанда, КТС пен ҚҚС мөлшерлемелерін көтеру, арнайы салық
режимдерін реформалау, салықтық әкімшілендірудің жаңа тәсілдері бойынша қандай
нәтижелер бар? Сондай-ақ, жобалық офис «Ақ жол» фракциясы мен кәсіпкерлер
қауымдастығының өңірлердегі кездесулер барысында жиналған ұсыныстарын қашан қарастырмақ?
Және
Үкімет жетілдірілген Салық кодексін қашан енгізуді жоспарлап отыр?
Ескертпе:
ұлттық экономика вице-министрінің жауабына қанағаттанбаған соң, «Ақ жол»
фракциясы дауыс беру кезінде бұл заң жобасын екі оқылымда да қолдамады.