15 қараша 2025 жыл, Павлодар облыстық филиалы
“Ақ жол” ҚДП Павлодар филиалының төрағасының орынбасары Дмитрий Корепанов
Б.Демеуовтың төрағалығымен өткен Павлодар облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысына
қатысты.
Қоғамдық кеңесінің отырысында Ішкі істер департаменті басшысының орынбасары
С.Жампейсовтың біздің өңір азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының
заңдылығы мен сақталуын қамтамасыз ету мәселесі бойынша есебі тыңдалды.
Баяндама соңында тәртіп сақшысының өкіліне қарудың, оқ-дәрілердің, жарылғыш
заттардың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша жүргізіліп жатқан шаралар
туралы сұрақ қойды.
